Қазақстан Еуропа мен Қытайды байланыстырып тұрған үлкен транзиттік хаб – "KTZ Express" басшысы

Жүк тасымалы
06.09.2024, 14:45
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

«Астана» халықаралық қаржы орталығында «Astana Finance Days» (AFD2024) конференциясы өтіп жатыр.  

Бұл бүкіл Еуразия өңірінің қаржы саласының қазіргі заманғы проблемаларын, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған диалог алаңы. Жыл сайын мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржы саласының жетекші сарапшылары, инвесторлар мен бизнес-көшбасшылар – барлығы 3000-нан астам адам конференцияға қатысады, бұл оны Орталық Азияның қаржы саласының өзекті мәселелері мен үрдістерін талқылауға арналған негізгі платформа етеді.

Конференция барысында «Бір белдеу, бір жол» жобасы назардан тыс қалмады. "KTZ Express" АҚ-ның бас директоры Дамир Қожахметов аталған бастаманың транзитті дамытудағы маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Еуропа мен Қытайды байланыстыратын транзиттік орталық болып табылады және біз компания ретінде тұтынушыларымыздың өз тауарларын барынша қысқа мерзімде тасымалдай алуы үшін бар күшімізді салудамыз. Біз бірлескен жобаларды әзірлеген алғашқы компанияның бірі болдық. Қытайдағы Ляньюньган портымен бірлескен кәсіпорын құрдық, 2017 жылы сол портпен екінші жоба – Қытай мен Қазақстан шекарасында негізгі Қорғас терминалын аштық», - деді Д.Қожахметов.

Дамир Қожахметовтың айтуынша, Ляньюньган портымен үшінші жоба – Ақтауда іске қосылды. Бұл Орта дәліз бойында қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылатын маңызды инфрақұрылым жобасы болмақ.

Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Лю Хао «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында қазақстандық компаниялармен жұмыс істеп жатқандары жайлы айтты.

«Біз қазақстандық компаниялармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы келдім, бұл компания қазірдің өзінде «KAZ Minerals» деп аталады. Гонконг қор биржасына екінші рет – 2017 жылы – біз АХҚО құрылған кезде жұмыс істей бастадық және біз сол кездегі қаржы орталығының жергілікті емес алғашқы қатысушылары болдық. Қазір Қазақстан мен Қытай, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда қатынастары дамып келе жатқанын көріп отырмыз», - деді ол.

TF International Securities компаниясының «Бір белдеу, бір жол» дамыту департаментінің тең басшысы Лоуренс Цанг компанияның Орталық Азиядағы жұмысы жайлы айтты.

«Біз бұл бастамаға (Бір белдеу, бір жол) көптен бері қатысып келеміз. Біз екі аймақта - Орталық Азия және Таяу Шығыста жұмысымызды жандандыра түспекпіз. Орталық Азияда біз Қазақстанмен ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Біз белгілі бір қаржылық байланыстарды дамытқан кезде, жобаларды инвестициялай бастадық. Өйткені бәсекеге қабілеті жоғары компанияларды көрдік, олардың көбінің Гонконгтағы IPO-ға шығу мүмкіндігі бар», - деді Лоуренс Цанг.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты