Жүктердің қауіпсіздігі басты назарда

Жүк тасымалы
20.09.2024, 08:45
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде коммерциялық жүк тасымалындағы қауіпсіздік мәселесі күн тақырыбынан түскен емес. Бұл ретте әсіресе тораптық жүк станцияларындағы қырағылық жоғары.  

Қозғалысшылар үшін негізгі мақсат – жүкті діттеген жеріне жылдам жеткізу ғана емес, оның бүтіндігін, амандығын да толыққанды түрде қамтамасыз ету. Бүгінде клвстан тыс Семей станциясындағы коммерциялық жүктер қауіпсіздігі постындағы жүк қабылдап-тапсырушы мамандардың әр күні қарбаласқа толы. Соңғы айларда әсіресе транзиттік жүк пойыздарының ағыны біршама артқан. Сәйкесінше әр ауысымдағы теміржолшылар қызмет барысын ширата түсуде. Соның нәтижесінде қазіргі таңда әр ауысым бойынша шамамен 35-40 адам станция басына келіп тоқтаған әрбір жүк пойызының амандығын толыққанды тексеріп, қатаң түрде сүзіп шығады.

Бүгінде көршілес Ресей елінің Батыс Сібір бөлімшесінен Орта Азия елдерін бетке алған, ағаш өнімдерін тиеген пойыздар саны артқан. Мамандар әр вагондағы жүктің бекітілуін мұқият түрде қадағалайды. Техникалық талаптар бұзылған жағдайда арнайы хаттама толтырып, жүк тиелген станцияға жөнелтеді. Және вагон толы жүктердің тіректерін, темір біліктерін мықтылап, қайта бекітеді.  

Қазіргі таңда Семей станциясы бойынша бір ауысымда ең кемі он жүк пойызы осындай жіті тексеруден өткізіледі. Салада 26 жыл еңбек етіп келе жатқан жүк қабылдап-тапсырушы Жасұлан Тұрысбековтің айтуынша, әр маман пойызды күтіп алып, шығарып салып, жүктердің қауіпсіздігіне көз жеткізуге міндетті. Ең көп кездесетін ақаулық – ленталардың үзілуі, сымдардың босауы немесе үзілуі. Кей жағдайда бекітпе пломбалардың бүлінуі де анықталып жатады. Себебі ұзақ жолдағы шайқалу, аяздың, қатты желдің немесе дауылдың әсері бар.

– Сол тәрізді жарылу қаупі жоғары немесе реактивті аса қауіпті жүктердің жауапкершілігі жоғары. Ондай жүкте «екі шоқып, бір қарамасаң» болмайды. Екі адам пойыздың қос қапталын толық сүзіп шығамыз. Көзбен ұзатып, бірге шығарып саламыз. Ауа райы маңызды емес. Маңыздысы ешқандай ақаулық болмауы керек, – дейді бұл орайда 15 жылдық еңбек өтілі бар, Жасұланның ауысым бойынша серіктесі Болат Аралбаев.

Соңғы жылдары теміржол арқылы автокөліктерді тасымалдау ісі де кеңейіп келеді. Ондай жүктерді тексерудің де өзіндік ерекшелігі бар. Тәжірибе ғана емес, әдіс-тәсілдер де қажет етіледі. Бұл орайда коммерциялық жүктер қауіпсіздігі постының мамандары арнайы біліктілік шыңдау курстарынан да өтеді. Жыл сайын емтихан тапсырып, аттестациядан өтіп тұрады. Көктемгі, күзгі комиссиялық бақылау кезінде де қатаң түрде сұралып, сыналады.    

Қазіргі таңда ұжымда жастар қатары өскен. Оларға кәсіби тұрғыда тәлім беруде аға буынның үлесі мол. «Қысы қатаң біздің өлкемізде ауа райымен санаспай еңбек ету үлкен төзімді қажет етеді. Сол себепті жастарға айтарымыз, бұл жұмысқа келерде асықпай ойланып, бәріне дайын болып келген жөн» дейді бұл орайда алдыңғы толқын өкілдері.  

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады