Жүк тасымалын тиімді ұйымдастыра білу де өнер

Жүк тасымалы
23.09.2024, 15:34
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Елімізде теміржол арқылы жүк тасымалы қарқынды дамуда. Ол ең алдымен ұлттық компанияның көлік-логистикалық әлеуетін дамытып, жүк тасымалы қызметін тиімді ұйымдастыруды  бірінші орынға шығаруы нәтижесі деп білген жөн.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Ақтөбе бөлімшесі филиалының Тасымалдау шарттары мен ұйымдастыру бөлімінің басшысы Клара Шатаякова салада жасалып жатқан жұмыстар, транзит көлемінің артуы, жалпы тоғыз жолдың торабында жатқан Батыс аймағында тасымалдау қызметінің ұйымдастырылуы жайлы әңгімелеп берді.    

– Қазіргі уақытта елімізде теміржол арқылы жүк тасымалы өте белсенді дамып жатыр. Соның ішінде сырт елдермен байланысты айрықша атауға болады. Елімізде теміржол арқылы жүк тасымалы әлемнің түкпір-түкпірімен ұйымдастырылып отыр. Халықаралық жүк пойыздары жиі өтеді. Батыс өңірінде де Ресеймен шекаралас станцияларда ұйымдастыру жұмыстары жолға қойылған. Никельтауда, Озинки, Илецк станцияларында жүк қабылдау тәртібі қатаң сақталып,  жүк қабылдаушылар әр вагондағы бекітпені мұқият тексереді.   Халықаралық жүк вагондарынан қандай да бір ақау анықталса, екінші жақ қабылдамайды. Барлық жұмыс қадағалану құжатпен мөрленіп, әр әрекет есепке алынады, Қысқасы, әр істі дұрыс ұйымдастыру маңызды. Ұйымдастыра білген ұтады, – дейді бөлім бастығы.  

Айтуынша, ішкі жүк тасымалы да  өте  маңызды. Теміржол арқылы жүк тасымалы таңдалғаннан кейін олардың жолда тұрып қалмауы, құжатының дұрыс болуы қатаң тексеріледі.  

– Біздің қызметкерлер жүк тасымалы қызметінің толық ұйымдастырылуына, яғни жүкті қабылдап алғаннан тиісті жеріне жетіп тапсырғанға дейін жауапты. Жылжымалы құрамның жолда тұрып қалмауы, бекітпелердің босап кетпеуі, сұйық жүктердің ақпауына дейін мұқият тексеріледі, – деді Клара Шатаякова.

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті