Контейнерлік пойыздардың артықшылығы көп – Alstom компаниясы

Жүк тасымалы
09.10.2024, 18:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Контейнерлік вагон жеңіл, сол себепті оған күші аз локомотивтер керек. Бұл жүк тасымалының бағасын төмендетуге әсер етеді. Бұл туралы Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе TransLogistica Kazakhstan-2024 көрмесі аясында өткен конференцияда айтты.

Жером Бойенің айтуынша, контейнерлік пойыздардың артықшылығы көп. Олар  біріншіден жеңіл, сол себепті жол бойындағы пойыздардың ара қашықтығы қысқарады.  

«Мәселен, мұндай пойызбен жүкті аз тасуымыз мүмкін, бірақ пойыздар жиі қатынайтын болады. Контейнерлік вагон жеңіл және оған артылатын жүк те жеңіл болатын болса оған ықшамдалған күші аз локомотивтер керек. Мұның барлығы тасымал тарифін төмендетуге әсер етеді, яғни ондай жағдайда төленетін құн да төмен болу керек. Alstom компаниясында мұндай тәжірибе бұған дейін болған. Біз 6 ості локомотивтерді құрастырғанбыз. Қазақстандағы біздің өндіріс орнымызда мұндай локомотивтерді өндіруге барлық мүмкіндігіміз бар. Күші аз пойыздардың тасымал құны да төмен болады. Қажеттілік болса біз оны жасауға әзірміз», - деді Alstom өкілі.  

Ол сондай-ақ жергілікті мамандарды үйрету бойынша оқу орындарының студенттерімен бірлесіп жұмыс атқарып жатқандарын айтты.

«Бізде бірнеше оқу орнымен келісім жасалған. Қазір бізде дыбыстық белгі беру құрылғыларын орнату бойынша оқу орынның студенттерімен жұмыс жүріп жатыр. Одан бөлек зауыттың өзінде жергілікті мамандармен тәжірибе алмасып, оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырамыз. Бұл мамандар тек Қазақстанда ғана емес, Alstom компаниясының өзге елдердегі өндіріс орнында жұмыс істей алады. Сол себепті біз ерлер мен қатар әйел жұмысшыларды да оқытып, біліктіліктерін арттырудамыз», - деді Жером Бойе.  

Айта кетсек, бүгін Астанада көлік саласына арналған TransLogistica Kazakhstan-2024 көрмесі өз жұмысын бастады. Көрме аясында бүгін «Қазақстанда теміржол көлігі мен инфрақұрылымды дамыту» және «BreakBulkKazakhstan ірі және ауыр жүктерді тасымалдау» тақырыптарында конференциясы өтті.

Қазанның 11-не дейін жалғасатын көрмеге 18 елден 180 компания қытсуда.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды