Қазан айының 21 күні Қостанай және Ақмола жүк тасымалы бөлімшелерінің желісі бойынша 604,4 мың тонна биылғы астық жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Қазақстанның ішкі нарығына-137,7 мың тоннадан астамы жеткізілді. Экспортқа 466,7 мың тонна шығарылды Қазақстандық астық солтүстік өңірлерден дәстүрлі түрде Орталық Азия елдеріне, ҚХР-ға  жөнелтіледі.