ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстандағы Эстонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін және қазақстандық тауарларды Эстония порттары арқылы транзитпен экспорттау мүмкіндігін талқылады.
Көлік маршруттарын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.