Атырау бөлімшесінде жүк тасымалы артты: Бірінші тоқсанның нәтижелері көңіл қуантады

Жүк тасымалы
02.05.2025, 16:30
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік көрсеткіштер бойынша алғашқы тоқсанды табысты аяқтады. Директорлар кеңесінің жоспарына сай үш айда 8 пайдалану көрсеткішінің 7-і орындалған.  

Өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары Нелли Матаеваның мәліметі бойынша, орташа тәуліктік тиеу 103,7%, жүктерді тиеу тоннаға шаққанда 105,2% орындалып, яғни 3294 мың тонна жүк тиелді. Вагонға статикалық жүктеме 101,5%; техникалық станцияда вагонның орташа тоқтау ұзақтығы 117,7%; 1 жүк операциясындағы вагонның орташа тоқтау ұзақтығы 110,5%; пойыздар қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы 104,4 %, пойыздың жалпы салмағы 101,6% орындалды. Тек орташа тәуліктік жүк түсіру 79,9 пайызға орындалып, тәулігіне жоспардағыдан 61 вагон кем болған. Бірақ техникалық жоспар бойынша 115,2 пайызға жеткен.  

Тастанды пойыздардың тұрып қалуынан техникалық станцияда вагонның орташа тоқтау ұзақтығы техникалық жоспарға сәйкес 95,2%-ды құраған. Яғни 3 айда жолда 30 пойыз/2078 вагон 82 306 сағатқа тұрып қалған. Құлсары, Махамбет, Сағыз, Теңдік, Қарабатан станцияларында транзитті вагондардың жиналып қалуы, диспетчер нұсқауын, пойыздардың келуін, локомотивтерді күту себепті кідіріс болған. Кейде жол бос болмайды, кейде пойыздар маршруты өзгереді, қосылатын вагондар күтіледі, т.т.  себептер вагондардың тұрып қалуына әкеледі. Аймақта жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, кейбір учаскелерде жылдамдықты сағатына 40 км дейін шектеу, технологиялық «толаскездің» берілуі, жолда мал жүруіне байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – қар мен жауынның көп болуына қарамастан орташа учаскелік және техникалық жылдамдық қалыпты орындалған. Яғни өңірде жыл сайын жүргізіліп жатқан темір жолды күрделі жөндеу жұмыстары нәтиже бере бастады деуге болады.  

Атырау бөлімшесі бойынша ірі жүк тиеп-жөнелтушілер болып табылатын «Батыс Транс Групп» пен «Тенгизшевройл» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін, «Исткомтранс» ЖШС, «Теңіз Көлік Компания» мекемесі күкірт тиейді. Сондай-ақ «PTC HOLDING» мекемесі полипропилен , «Иси Гипс Индер» құрылыс жүктерін, «Индер Гипс» ЖШС мен «Индер туз компани» ЖШС өнеркәсіптік шикізат жүгін, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» сұйытылған газ жүгін тиеген. Биыл жүк тасымалы артады деген болжам орындалып жатқандай. Өйткені жүк жөнелтушілер Қарабатан станциясына 2,5 млн полиэтилен, бутадиен сынды жүк жөнелтуді, сондай-ақ Ескене станциясынан 1,5 млн тонна газ жөнелтуді жоспарлап, ол біртіндеп жүзеге асып келеді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады