2025 жылғы 1 маусымда Сиань қаласындағы (ҚХР) бірлескен жүк терминалынан Алматы қаласындағы Zhetysu қазақстандық-қытайлық терминалдан алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді. Жаңа терминалды пайдалануға беру ағымдағы жылдың 10 маусымына жоспарланған, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Zhetysu терминалы Қытайдан импорттық жүктерді шоғырландыруға және таратуға маманданған Алматыдағы ең ірі контейнерлік хаб болады. Оның инфрақұрылымы Қытайдан / Қытайға теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді терминалды өңдеуге мүмкіндік береді.

Кешен логистикалық қызметтердің толық спектрін: қоймалау, кедендік рәсімдеу, сондай-ақ "бірінші және соңғы миль" қағидаты бойынша жеткізуді ұсынады.

Негізгі халықаралық көлік маршруттарының қиылысында тиімді орналасуының арқасында терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығы және Қазақстанның жетекші логистикалық хабына айналады.  

Алматы - Сиань логистикалық тораптары арасында тұрақты синергия құру трансөңірлік жеткізу тізбегіне тиімді интеграцияны қамтамасыз етеді.  

Жобаны іске асыру заманауи инфрақұрылымды дамытуға және логистикалық шығындарды азайтуға бағытталған.