Қазақстан мен Грузия арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 159,5 мың тоннадан асты

Жүк тасымалы
21.07.2025, 19:26
Қазақстан теміржолшысы

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Грузия арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 159,5 мың тоннадан асты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67%-ға артық. Бұл туралы Олжас Бектенов Грузияның экономика министрі Мариам Квривишвилимен Транскаспий бағытын дамыту мәселелерін талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кезедсу барысында сауда мен инвестицияларды дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) шеңберінде, сондай-ақ АӨК-дегі тауар айналымын арттыруды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Премьер-министр Қазақстан Грузияны тұрақты және өзара тиімді диалог құратын сенімді экономикалық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті.  

2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $75,2 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға артық.

Кездесу барысында көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 159,5 мың тоннадан асты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67%-ға артық.

ТХКБ-ны дамытудағы маңызды қадам PTC Holding компаниясы салған жобалық қуаты жылына 120 мың ЖФЭ құрайтын Грузияның  Поти портында жаңа қазақстандық контейнер терминалының іске қосылуы болды. Бұл Грузияның негізгі теңіз хабтарының бірінің аумағында жүзеге асырылған алғашқы қазақстандық инфрақұрылымдық жоба.

«Бұл орта дәліз бойынша жүк ағынының көлемін арттыруда маңызды рөл атқаратын бірлескен табысты жұмыстың жарқын мысалы. Аталмыш жоба Қытайдың Ляньюньган және Сиань қалаларындағы логистикалық терминалдарды қоса алғанда, ТХКБ шеңберінде Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымын үйлесімді түрде толықтырып отырғанын атап өту маңызды. Осылайша, Шығыс Азияны Еуропамен байланыстыратын біртұтас, дәйекті логистикалық тізбек құрылуда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Маршрутты одан әрі дамыту дәліздің тиімділігін арттыруға, қосымша транзиттік жүктер мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның өңірдің негізгі логистикалық орталықтары ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Батуми мұнай терминалы мен портының қуатын кеңейту, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін - астық, ұн, ет-сүт және кондитерлік өнімдерді грузин нарығына жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.

Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвили Қазақстанмен сауда, туризм және логистикалық инфрақұрылым салаларында әріптестікті кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар туристік байланыстарды нығайтудың, экономикалық өсімді ынталандыру мен көлік желісін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және Үкіметаралық комиссия шеңберінде жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда