ШЫҰ саммитінде Тоқаев «ТрансАлтай диалогына» қолдау білдірді

Жүк тасымалы
01.09.2025, 09:46
Сурет: Ақорда

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит саласындағы серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, «ТрансАлтай диалогы» бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Президенттің айтуынша, 150-ден астам елді қамтитын «Бір белдеу, бір жол» мегажобасы сауда-логистикалық операцияларға жыл сайын 1,5 триллион долларға дейін пайда әкелуі мүмкін. Бұл тұрғыда Солтүстік – Оңтүстік, Шығыс – Батыс және Транскаспий дәліздерінің әлеуеті зор екені айтылды.

Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолияның қатысуымен жүзеге асатын «ТрансАлтай диалогы» Еуразиядағы Алтай аймағының географиялық және экономикалық артықшылықтарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Президент ірі жобаларды іске асыру үшін мемлекеттер арасында көлік байланысын күшейтіп, транзиттік-тарифтік стратегияға сәйкес тәсілдер әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл мәселе қараша айында Ақтау қаласында өтетін ШЫҰ порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы форумында талқыланбақ.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады