Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 2025 жылдың басынан бері 23,2 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп, деп хабарлайды Rail-news.kz.
- Экспорт – 14,3 млн тонна (+9%)
- Импорт – 8,9 млн тонна (+12%)
Айта кетейік, тамыз айының басында Достық–Алашанькоу бағыты арқылы бір тәулікте 28 құрам жөнелтіліп, рекорд орнатылды.
"Қазақстан темір жолы" компаниясының дерегінше, алдағы уақытта Бақты–Аягөз үшінші теміржол өткелі салынып, 2028 жылдың басында пайдалануға берілмек.
Сарапшылардың айтуынша, тасымал көлемінің өсуі Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, Қытай мен Еуропа арасындағы стратегиялық маңызын арттыра түседі.