Теміржол көлігімен 38 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

Жүк тасымалы
17.11.2025, 12:44

2024 – 2025 жылдарғы жылыту маусымы кезеңінде (мамырдан 13 қарашаға дейін) ҚТЖ желісі бойынша шамамен 38,3 млн тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 1,3 млн тоннаға (+4%) артық, деп хабарлайды Rail-news.kz

Еліміздің жылу электр орталықтарының қажеттіліктеріне 34,6 млн тонна көмір (+1,9 млн тонна немесе +6%) тасымалданды, коммуналдық-тұрмыстық секторға 3,7 млн тонна отын жөнелтілді. Жергілікті атқарушы органдар деректері бойынша көмір операторларының қоймаларында шамамен 432 мың тонна көлемінде коммуналдық-тұрмыстық көмір қоры қалыптастырылды. 

Барлық энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірдің тасымалы толық көлемде орындалуда. ҚТЖ вагондардың жеткілікті паркін қамтамасыз етеді және қатты отынды тиеу процесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. 

Жеткізу жоспарлы режимде жүзеге асырылуда, көмір тапшылығы жоқ, кезектер мен дүрлікпе сұраныс байқалмайды. Тұтынушылардың барлық санаттары уақтылы отынмен қамтамасыз етіліп келеді. 

Өскемен қаласында көмірдің жалпы қоры 11 150 тоннаны құрайды, оның ішінде: «Сейком» ЖШС кірме жолдарында – 6300 тонна, «ТКТ» ЖШС кірме жолдарында — 1 500 тонна. Қалаға жеткізілім үнемі жалғасып отырады, бұл қорлардың тұрақты деңгейін сақтауға мүмкіндік беруде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тұтынушылардың барлық санаттары үшін көмірді тұрақты және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастыруда. Компания көмір операторлары мен жүк жөнелтушілерді, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде, тасымалдауға өтінімді уақтылы беруге шақырады.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді