Порттардың транзиттік әлеуеті таныстырылды

Жүк тасымалы
21.11.2025, 09:50
Суреттерді түсірген Абзал ҚАЛИЕВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақтау қаласында қазақстандық негізгі экспорттаушылардың қатысуымен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша 2025 жылдағы тасымалды бағалау және 2026 жылға тасымал жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсат – ТХКБ қатысушыларына өңірдегі порттар мен терминалдардың инфрақұрылымын, олардың өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстармен таныстыру.

Еліміз арқылы транзиттік және экспорттық тасымалды жүзеге асыруда стратегиялық маңызды нысан саналатын Ақтау және Құрық порттарында өткен іс-шара ҚТЖ бастамасымен ұйымдастырылды. Оған ҚТЖ мен қос порттың өкілдері және бірқатар ірі экспорттаушылар қатысты. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Саламат Абжалиевтің айтуынша, 2025 жылғы 10 айда ТХКБ бойынша теміржол көлігімен тасымал көлемі 2,6 млн тоннаны құраған. Осы бағытпен қазақстандық жүктердің экспорттық үлесі 74%-ға жетті. Түрлі түсті металдар тасымалы көлемі анағұрлым жоғары, яғни 84% өсім байқалды. Астық тасымалы үш есе, химиялық және минералды тыңайтқыштар 16%-ға артты. Батыс бағытындағы негізгі транзит 32,4% өсті, бұл аталған бағдарға халықаралық деңгейде қызығушылықты көрсетеді.  

ҚТЖ өкілдері бұл бағдардың тиімділігін арттыру мақсатында ауқымды аудит жүргізілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде 2025 жылы 30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен New Silk Way форумында «тар орындарды» жою бойынша Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжат инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде контейнерлік тасымалға арналған кемелер сатып алу, әкімшіліктік рәсімдерді бірегейлендіру, көлік үдерістерін цифрландыру, тариф саясатын келісу сынды негізгі бағыттарды қамтиды.  

– Қазақстандық тарап кемелерді өңдеу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін жұмыстарды, яғни Ақтау портындағы теңіз түбін тереңдетіп, Құрық портында көтергіш-өтпелі көпірлерді жаңғыртуды қамтитын ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, сонымен қатар Достық – Мойынты, Алматы айналма жолы, Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар және Бақты – Аягөз сияқты 1 000 км астам жаңа теміржол желілерін салуда. Одан басқа қолданыстағы учаскелердің шамамен 3000 шақырымын жаңғырту көзделуде. 2030 жылға дейін инфрақұрылымды, жылжымалы құрамды дамытуға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге қосымша инвестициялар бөлу көзделген. Біздің серіктестеріміз де белсенді жұмыс жүргізуде. Әзербайжан фитингтік платформаларды сатып алуды жүзеге асырады, Баку – Беюк Кясик учаскесінде айнымалы токқа көшу жұмыстары аяқталады және Алят портының қуатын арттыру, соның ішінде тереңдету жұмыстары кеңейтіледі. Грузия жағы Марабда – Карцахи учаскесінің өткізу қабілетін арттырады, вагондардың айналымын арттыру бойынша жұмыс істейді және локомотивтермен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Сонымен қатар теміржолдардың, порттардың және теңіз операторларының ақпараттық жүйелерінің цифрлық интеграциясы жүзеге асырылады. Бірыңғай цифрлық тізбекті құру операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге, жүктерді өңдеуді жеделдетуге, уақытты қысқартуға және логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Ірі жүк жөнелтушілер ағымдағы жылға арналған көлем бойынша бағдарларды ұсынды. Өз тарапынан ҚТЖ порттармен бірлесіп инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейту, қуатты жаңғырту және бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастырады, – деді С.Абжалиев.

Ол осыған байланысты ұсынылған шешімдерді де баяндады. Атап айтқанда 2025 жылға арналған тасымалдау көлемін бағалауды жүргізу; ҚТЖ-ға 2026 жылға арналған Экспорттық көлем болжамын ұсыну; Қазақстан, Әзербайжан және Грузия учаскелерін қоса алғанда бағдар бойы тасымалдау бойынша проблемалық мәселелерді ҚТЖ-ға жіберу; мұнай құю жүктері бойынша көлемді арттыру туралы мәселені қарау, Қазақстан порттарының бағытына жөнелтілімдерді ұлғайту бойынша қосымша ұсыныстарды бекіту керектігі айтылды.  

Порттар мен терминалдар басшылары инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін көрсетіп, жүк жеткізу жылдамдығын арттыруға бағытталған іс-шараларды таныстырды.  

– Жалпы аумағы 44 га алып жатқан Ақтау теңіз сауда портында жүктерді жөнелту, қоймада сақтау және көліктің барлық түрлеріне қызмет көрсету жұмыстары атқарылады. Қоймалар ауданы 80 мың шаршы метр. Астық, мұнай, құрғақ, яғни контейнерлік жүктерге және кемелерге арналған 11 айлақ бар. Порттың іс жүзіндегі өткізу қабілеті жылына 12,3 млн тонна. Жүк жөнелту жұмыстарын барынша қысқарту және өткізу қабілетін арттыру мақсатында тағы бірнеше жобалар жүзеге асырылуда, – деді «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ коммерциялық жұмыстар жөніндегі атқарушы директоры Арман Жақыпов және ол сол жобалар бойынша жұмыстар жүріп жатқан нысандарды аралатып көрсетті.  

Дәл осылай Құрық портының да жүк жөнелту жұмыстары мен маңызды нысандарының қызметі таныстырылды. Жүк жөнелтушілер қазіргі таңдағы операциялық қызметтер бойынша сұрақтарына ҚТЖ өкілдері тарапынан жауап алды.  

Тараптар айтылған шешімдер мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұсыныстарын хаттама арқылы бекітті. ҚТЖ Қазақстан аумағы бойынша тұрақты жүк ағынын қамтамасыз ете және тасымал тиімділігін арттыра отырып транскаспий логистикасын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын жалғастыра береді.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады