Жаңа бағыттар іске қосылады

Жүк тасымалы
03.12.2025, 08:54

Қазақстан құрлықтық логистикалық әлеуетке ие. Оны дамытудың амалын тапса, аймақтағы көшбасшыға айналады. Тас және шойын жолдармен-ақ шаруаны ширатуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Президент: «транзит – халықаралық бәсекедегі артықшылығымыз», – деген болатын. Ендеше осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды?  

24.KZ телеарнасының мәліметінше, әлемде 32 дамушы мемлекет теңізбен түйіспейді. Қазақстанда солардың қатарында. Әйтсе де ебін тапқан екі асайды. Еліміз географиялық кемшілікті стратегиялық мүмкіндікке айналдыруды көздейді. Былтыр жаһанның жартысына 21 млрд 270 млн тоннадан аса жүк тасымалданған. Бұның барлығы балама бағыттармен барды. Себебі біз Еуропа мен Азияның қақ ортасында тұрмыз. Сосын Еуропа мен Қытай арасындағы қысқа құрлықтық көпір саналамыз. Бес халықарлық транзиттік дәліз де ел шекарасымен өтеді. Мысалы, «Достық-Мойынты» теміржолын екі жолақты етіп кеңейтті. Бір тармағы биыл бітті.

- Бұл жоба қамтылуы жағынан, өткізу қабілетін 5 есе арттырады. Яғни 12 жүп пойыздан, 60 жұп пойызға дейін және пойыздардың өту жылдамдығын 1500 км арттырады. Бұл атап айтқанда ҚХР-дан тауарларды Транскаспий дәлізі арқылы Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік береді, дейді ҚР Көлік министрлігі Көлік инфрақұрылымы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерсұлтан Әбдірахманов.  

Түйе керуен түрленіп, тарам-тарам теміржол төселіп жатыр. Елдің көлік-транзиттік әлеуетін көтеру үшін Алматы айналма желісі, «Дарбаза – Мақтаарал» «Бақты – Аягөз» және «Қызылжар – Мойынты» жаңа желілері іске қосылады. Бұдан бөлек «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелері жаңғыртылады. «Қызылжар – Сексеуіл», «Қандыағаш – Тобыл», «Ақсу 1 – Дегелен – Жаңа-Семей» бағыттары және «Шалқар – Бейнеу», «Әлімбет – Никельтау» учаскелеріне заманауи реттеу жүйелері енгізіледі. Осы істің бәрін 2 жылда еңсеру көзделген.  

- Транзит – жүк тасымалына қатысты халықаралық бәсекедегі біздің орасан зор артықшылығымыз. Мұны толықтай әрі тиімді пайдалануымыз керек. Қазақстан арқылы өтетін теміржол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет. Бұл жоба Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болмақ. Осы бағыттағы маңызды жобалардың біразы қазір жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала қамданып, жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беру керек, - деген болатын өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Экономист Бауыржан Ысқақов Қытайға шығатын Достық пен Қорғас дәліздерінде жылына шамадан тыс жүктердің тасымалдануы, яғни салмақ көп екенін айтады.  

«Бұл жаңа жолдардың жетіспеушілігінің кесірінен деп айта аламыз. Салдарынан пойыздардың кезекте көп тұруы, транзиттердің ұзақ уақыт рәсімделуіне әкеледі. Сосын логистикалық шығындар бар. Қазақстандағы логистикалық шығындар біздің ІЖӨ-нің 20%-не дейін жетеді. Ал әлемде дамыған елдерде бұл 7-8%-тен аспайды. Яғни ол қойма, сақтандыру, өңдеу қызметтерінің қымбаттылығы. Бұл экспорттың, шығатын өнім бағасының қымбаттауына, яғни бәсекелестік қабілеттің төмендеуіне әкеп соқтырады», - дейді экономист.  

Сарапшы кедендік кедергілерді де жіпке тізді. Құжат рәсімдеу кезек күттіреді. «Кей жерде тіпті қолмен толтыру әлі қалмаған, дейді. Маман тапшы, материалдық-техникалық база жетіспейді. Контейнерлердің 60%-і импортталады. Локоматив паркінің жартысы ескірген. Елеулі мәселеден есе кетіп жатыр. Жалпы жол – күретамыр. Экономикаға қуат дарыту үшін соның бойын дамыту керек.  

Қорыта айтқанда, елдің стратегиялық орналасуын оңтайлы бағытқа бұрса, олжа көп. Дипломатия мен халықаралық серіктестік бұған септесе алады.

 

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды