2025 жылы теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға жетті

Жүк тасымалы
09.02.2026, 08:49
Оқуға 2 мин

2025 жылы Қазақстанның көлік саласы еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі дамуды жалғастырды. Бұл бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды, деп мәлімдеді ҚР Үкіметі.

Қазақстан «Шығыс – Батыс», «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерін және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту арқылы Еуразия құрлық көпірінің рөлін тұрақты түрде арттыра отырып, Еуропа мен Азия арасындағы негізгі дәнекерге айналып отыр. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жылжымалы құрамды жаңарту, көлікті бақылауда цифрлық шешімдерді енгізу және халықаралық бағыттар желісін кеңейту еліміздің өңірдегі негізгі транзиттік хабтарының бірі ретінде позициясын нығайтуға ықпал етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Үкіметтің мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 320 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскесін жөндеу қарастырылған. Бүгінгі таңда 4,4 мың шақырымнан астам жолда жұмыстар орындалды, оның ішінде 1 575 шақырымы 2025 жылы аяқталды.

«2025 жылдың негізгі оқиғаларының қатарына ұзындығы 836 шақырым «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің іске қосылуы, сондай-ақ ұзындығы 323 шақырым жаңа «Қызылжар – Мойынты» желісінің құрылысының басталуы болды. 775 локомотив пен 2,7 мың фитингтік платформаны жеткізу бойынша келісімшарттарға қол қойылды. Бүкіл ел бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғырту басталды», - делінген хабарламада.

Су көлігі де оң динамиканы көрсетті. 2025 жылы теңіз көлігімен 8 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 7%-ға артық. Теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдау 29%-ға артты – 90 637 ЖФЭ өтті; Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша өсім 36%-ды құрады.

Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы аяқталды, Құрық – Баку желісіне 1 құрғақ жүк кемесі жеткізілді, 2 паром сатып алынды.

Өзен көлігімен тасымалдау көлемі 1,5 млн тоннаны құрады. Тасымалдау Ертіс, Орал – Каспий және Іле – Балқаш бассейндерінде жүзеге асырылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды