FESCO компаниясы Ресейдің Қорған қаласынан Қытай астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде орналасқан Тяньцзинь қаласына екі контейнерлік пойыз жөнелтуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Пойыздардың әрқайсысы астық жүктері тиелген 62 дана қырық футтық контейнерді тасымалдады. Жолдағы орташа уақыт 20 тәулікті құрады.
Контейнерлік пойыздар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтіп, Қытай шекарасын «Алтынкөл – Қорғас» мемлекетаралық түйісу пункті арқылы кесіп өтті.