Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары

Жүк тасымалы
13.03.2026, 09:25
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар жүк тасымалы мен вагон айналымын реттеу бойынша жоспарлы іс-шаралар қатарын қолға алып, жыл басынан бері жүйелі жұмыс бастап кетті. Мақсат өткен жылғы бөлімше бойынша көрсеткіштерге теріс әсер еткен факторларды азайтып, тың жобаларды жүзеге асыру, өндіріс барысын ширату болып отыр.

шылар бірінші кезекте тораптық станциялар мен көршілес орын тепкен Павлодар, Алматы және Ресейдің Батыс-Сібір бөлімшелері аралығындағы жол айрықтарында тастанды пойыздарды болдырмау, көмір тасымалындағы бос вагондарды уақытында жинап алу бойынша жұмыстарға баса назар аударуда. Жылдың алғашқы тоқсаны болғанымен бөлімше көлемінде жүк ағыны азайған жоқ. Сол себептен бұл шаралар айрықша маңызды болып тұр.  

Десек те, жоспарлы шаралар арасында биылғы жылғы жүк айналымындағы статистикалық жүктемені арттыру мақсаты да тұр. Өткен жылға жүргізілген сараптама осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі күтпеген жайттарға да байланысты екенін көрсетіп берді.  

Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов айтып өткендей, әсіресе өткен жылдың соңында бөлімше көлемінде әскери эшелондар мен контейнерлік тасымал қарқынының жоғары болуы кейбір айлардағы көрсеткіштер бойынша статжүктеменің азаюына әкеліп соққан.

Сондай-ақ сараптама қорытындысы көрсеткендей, биылғы жылдың өткен екі айындағы вагон айналымында ашық платформалардың көбірек қолданылғанын байқауға болады. Оған Семей, Жаңа-Семей, Дегелең мен Аягөз сынды тораптық жүк станцияларындағы ұжымдық «қар сенбіліктері» негізгі себеп болған.

Бөлімшедегі логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, ағымдағы тоқсанда өнеркәсіптік шикізатты тиеу мен құрылыс материалдарын тиеудің көлемі жоғары болмақ. Цемент пен ағаш өнімдерінің тасымалы ақпан айынан қарқын алып келеді. Ал еліміздің өзге аймақтарымен Қытайдан жеткізілген тауар арасында азықтүлік өнімдерінің көлемі жоғары.  

Ал көмір тасымалына жүргізілген сараптама жұмыстары бөлімшедегі номері бірінші жүктің көлемі өткен жылдың есепті мерзімімен шамалас жүргізіліп жатқанын көрсетіп берді. Мәселен, облыс орталықтарындағы көмір тұйықтарына тәулігіне ең кемі 8-9 вагон жүк жеткізіледі. Осы ретте теміржолшылар желі бойындағы барлық станциялардағы көмір тұйықтарына қажеттілік пен жеткізілу барысына мониторинг жүргізіп жатыр. Қазіргі жағдай бойынша облыстағы теміржол тұйықтарында 9 мың 700 тоннадан астам көмір қоры бар екен. Бұл – ең кемі бір апта үшін жеткілікті мөлшер. Алдағы апталарда маусымдық жағдайға байланысты көмірге берілетін тапсырыс көлемінің біртіндеп азаюы күтілуде.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады