Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...

Жүк тасымалы
13.03.2026, 09:32
Оқуға 1 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

KTZ Express трансатлантикалық бағытта экспорттық контейнерлік тасымалды дамытуды жалғастыруда. Жуырда компания Транскаспий халықаралық көлік бағдарының инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қостанай – Нью-Йорк бағыты бойынша ұн жөнелтуді ұйымдастырды.  

Қазақстанда өндірілген 24 тонна бидай ұнын жөнелтуші – қазақстандық ірі ұн тарту кәсіпорны, Орталық Азиядағы көшбасшы «САЛАМАТ» компаниясы» ЖШС. Тасымалдау темір жол және теңіз инфрақұрылымын пайдалана отырып, контейнерлік мультимодальдық форматта жүзеге асырылады.

KTZ Express жүкті контейнерлеуді және Қостанайдан Ақтау портына жеткізуді қоса алғанда, бірінші миляны ұйымдастыруды қамтамасыз етті. Одан әрі жүк Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанның Алят портына және Қара теңіз арқылы Грузияның Поти портынан транзитпен жіберіледі. Одан әрі теңіз жолы Стамбул арқылы өтіп, Жерорта теңізіне шығады және Атлант мұхиты арқылы тікелей Нью-Йорк портына жеткізіледі. Бұл учаскеде теңіз тасымалы ірі кеме қатынасы компаниясы – CMA CGM-мен ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Жеткізу мерзімі шамамен 58 күнді құрайды.  

ТХКБ бағдары бойынша қазақстандық ұнды кезекті жөнелту сәтті экспорттық жеткізілімдердің жалғасы болмақ және халықаралық әріптестердің отандық өнімге қызығушылығын арттыра түседі. KTZ Express логистикалық тізбектің сенімділігі мен ашықтығын және жаңа нарықтарға шығу үшін бағыттың тиімділігін көрсете отырып, тасымалдауды соңғы пунктке дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды