«Өзтеміржолконтейнер» АҚ хабарлағандай, жаңартылған сызба бойынша контейнерлер орта есеппен 30 күн ішінде шамамен 7400 шақырым жолды еңсереді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Маршрут бойынша жүктер Қытайдан Қазақстандағы «Алтынкөл» станциясы арқылы теміржол көлігімен жөнелтіледі. Содан кейін транзитпен Өзбекстанға жеткізіліп, «Өзтеміржолконтейнер» АҚ-тың Бұхарадағы логистикалық орталығына түсіріледі. Бұл кезеңде контейнерлер автомобиль көлігіне қайта тиеледі.

Одан әрі жүктер Түрікменстан аумағы арқылы Ауғанстанның Герат қаласына дейін жеткізіледі. Осылайша, теміржол және автомобиль инфрақұрылымын пайдаланатын бірыңғай мультимодальды бағыт қалыптастырылды.