ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады

Жүк тасымалы
21.09.2026, 13:42
Оқуға 3 мин

Қостанай мен Көкшетауда ҚТЖ астық штабының көшпелі отырыстары өтті. Оларға жүк жөнелтушілер, трейдерлер мен экспорттаушылар, «Астық Транс» АҚ, әкімдіктердің, көлік прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық қызметтерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қатысушылар тиеу көлемін, экспорттық маршруттарды, вагондардың болуын және жаңа егін астығын шығаруды ұйымдастыруды талқылады.

2026 жылғы қаңтар – тамызда ҚТЖ желісі бойынша 9,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% артық. Экспорт 14%, яғни 7,2 млн тоннаға дейін, республикаішілік тасымалдар 8%, яғни 2,1 млн тоннаға дейін өсті. Тамыз айында рекордтық айлық көлемі – 1,2 млн тонна болып белгіленді, бұл 2025 жылғы тамыздан 35% артық.

Ақмола облысы биылғы егінді тиеу көлемі бойынша көш бастап тұр. Тамыз айы басынан бері мұнда 520 мың тоннаға жуық астық жөнелтілді. Бұл осы кезеңдегі ел бойынша жалпы тиеу көлемінің 31% немесе1,7 млн тонна.

Ақмола облысынан 409 мың тонна астық экспортқа, 111 мың тоннасы республикаішілік қатынаста жөнелтілді. Осылайша, жөнелтілген астықтың шамамен 79% сыртқы нарықтарға бағытталды.

Астық маусымы басталғаннан бері облыстан 80 жуық маршруттық құрам жөнелтілді. Маршруттық жөнелту техникалық станцияларда қайта өңдеусіз межелі станцияға дейін жүру арқылы астықтың жүру уақытын қысқартуға және осылайша келесі тиеу үшін вагондарды тезірек босатуға мүмкіндік береді.

Қостанай облысы да еліміздің ірі астық өңірлерінің қатарына кіреді. Сегіз айдың ішінде мұнда 1,8 млн тоннадан астам астық тиелген. Экспортқа 1,4 млн тоннадан астам, республикаішілік қатынаста 405,5 мың тонна жөнелтілді.

Негізгі экспорттық бағыт Өзбекстан болып қала береді – ол жаққа  606,4 мың тонна немесе облыстан астық экспортының 43% жөнелтілді. Ресейге 169,6 мың тонна, Ауғанстанға – 135,6 мың тонна, Тәжікстанға – 133,5 мың тонна, Қытайға – 84,1 мың тонна жөнелтілді. Сондай-ақ Әзірбайжан, Қырғызстан, Беларусь, Латвия, Эстония және Түркіменстанға жеткізілді.

ҚТЖ биылғы егінді тасымалдауға дайын. Желіге 16 мыңға жуық астық тасымалдаушы, 17,8 мыңнан астам жабық вагон және 1 710 локомотив тартылды. Жыл басынан бері парк 169 локомотивпен толықтырылды.

Қыркүйек айында жекелеген учаскелерде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл ретте көптеген бағыттарда өткізу қабілеті сақталады немесе ұлғаяды. 

Экспорттық тасымалдарды қамтамасыз ету үшін жекелеген бағыттарда тарифтік талаптарды төмендету қолданылуда. Өзбекстан аумағы бойынша Келес – Галаба учаскесінде тасымалдау көлеміне байланысты 30% - дан 50% - ға дейін жеңілдік беріледі. Келес – Ходжадавлет және Қарақалпақстан – Галаба учаскелерінде тиісінше 60% және 40% жеңілдіктер қолданылады.

Түркіменстан аумағы бойынша маршрутқа байланысты 30% - дан 50% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Кигаш – Самур бағытында Ресей аумағы бойынша 40% жеңілдік, Калининград темір жолының қатысуымен тасымалдау кезінде 20% жеңілдік қолданылады.

Отырыс барысында қатысушылар тасымалдауды ұйымдастыру, фитосанитариялық бақылаудан өту және экспорттық бағыттар бойынша астықты әкету мәселелерін қарады. ҚТЖ өкілдері жүк жөнелтушілер мен экспорттаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды