Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты

Жүк тасымалы
09.10.2026, 13:05
Оқуға 1 мин

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 241,7 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артты (233,7 млн тонна) , деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, оң динамиканың факторларының бірі экспорттық тасымал көлемінің артуы болды. 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында теміржол арқылы экспортқа 69,4 млн тонна жүк тасымалданды.

Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға жоғары. Ол кезде экспорттық тасымал көлемі 64,8 млн тоннаны құраған. 

Экспорттық тасымалдардың өсімі темір кені, астық, тыңайтқыштар, көмір, құрылыс жүктері және басқа да өнім түрлерінің тасымалдау көлемінің артуына байланысты қамтамасыз етілді.

Темір кенін тасымалдау бойынша айтарлықтай өсім тіркелді. Оның экспорттық тасымалдау көлемі 10,1 млн тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ға артты.

Астықтың экспорттық тасымалы 17,6%-ға өсіп, 8,3 млн тоннаны құрады. Негізгі өсім Орталық Азия елдеріне, Ауғанстанға және Қытайға бағытталған тасымалдар бойынша байқалды.

Сонымен қатар экспортқа 1,2 млн тонна тыңайтқыш тасымалданды, бұл өткен жылдың деңгейінен 9%-ға жоғары. Өсім Беларусь, Бразилия, Өзбекстан, Болгария және Ауғанстанға жөнелтілімдер көлемінің артуына байланысты болды.

Көмірдің экспорттық тасымалдау көлемі 25,8 млн тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артты.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды