Көмір тасымалдау тарифтері жыл соңына дейін өзгермейді
Оқуға 1 мин
Ағымдағы жылдың соңына дейін көмір тасымалдау тарифтерінде өзгеріс енгізілмейді. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз орталығында онлайн-брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Сонымен қатар, өзге жүктермен салыстырғанда көмір тасымалдау тарифі ең төмен болып саналады. Мәселен, аталмыш тариф қара металдардың тарифінен 5 есеге, қара металл сынықтарынан 4 есеге және ағаш жүйлерінен 2,5 есеге төмен.
Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі көмірді тасымалдау кезінде көлік шығыстарының үлесі орта есеппен 8% – ды, сервистік вагон компанияларының үлесіне-10-12% - ды, ал қалған 80% үлесі көмір разрездері мен трейдерлердің кірістеріне тиесілі болып саналады.