Цифрлы байланыс сапаны арттырды

Цифрландыру
02.09.2022, 09:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы өздері қызмет көрсететін аймақта цифрлы технологияның рахатын көріп отыр. Бүгінде уақыт талабына сай барлық құралдар электрлендірілген және цифрлық басқаруға көшуде.

 Дистанция қызмет көрсететін телім Атырау мен Д.Нұрпейсова станцияларының аралығындағы 293, 6 шақырымды құрайды. Осы аралықта 22 станция мен 22 жекелеген пункт бар және осындағы 274 бұрма, 689 белгі беру, екіжақты 294 сигнал құрылғылары электрлендірілген орталыққа қосылған. 25 өткел АПС құралымен, ал барлық шағын бекеттер АЛСН қондырғысымен жабдықталған.  

Дистанцияның тәжірибелі СОБ электромеханигі Құбайдолла Досмұханов еңбек ететін Тұманды бекетінде де белгі беру-байланыс құрылғылары жаңарған. Айтуынша, барлық байланыс және белгі   беру құралдары орнықты жұмыс жасап тұр. Бекет механиктерінің қызмет көрсету аясы 40 шақырымды, яғни Махамбет станциясы, 17-ші разъезд, Қызылжар, Тұманды бекеттері аралығын қамтиды. Станция арқылы тәулігіне 10 жүк және екі жолаушылар пойызы өтеді. Солардың бәрін қабылдау, өткізу байланыс құралдарының дұрыс жұмыс жасауына байланысты. Құбайдолла Досмұхановтың осы бекетте еңбек етіп келе жатқанына 44 жыл толыпты.  

– Цифрлы технологиялар кереметін көріп отырмыз. Мәселен, КТСМ құрылғысы жүріп келе жатқан пойыз доңғалақтарының ақауын тез тауып, көрсетеді. Бәрі компьютерде тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Сол секілді бағдаршам, бұрмалар, басқа да құралдар жұмысы, оларды уақытылы жөндеу де үнемі назарымызда. Станцияда ДХ-500 – цифрлы тікелей жедел техникалық байланыс та орнатылды, онымен барлық теміржол мекемелерімен шұғыл байланысқа шығу мүмкіндігі мол, қысқасы, цифрлы байланыс сапаны әлдеқайда арттырды, – дейді тәжірибелі теміржолшы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды