Еңбек қауіпсіздігі – жаңа форматта

Цифрландыру
06.03.2025, 14:53
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде еңбек қауіпсіздігі апталығы өтті. Жаңа форматтағы шарада цифрлық технологиядағы жаңашылдықтарды қолданды.  

Апталық алғаш рет дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.  Бір минут үнсіздікпен басталған шара ауқымды өтіп, әр станциядағы қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерден бөлек Астана қаласынан тікелей байланыс қосылды. Еңбек қауіпсіздігі департаменті директорының міндетін атқарушы Асқар Берлік сөз сөйлеп, еңбек қауіпсіздігі саласында жаңа әдістер мен цифрлық технологияларды енгізу – жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгеруіне және жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектесетінін ерекше атап өтті.

Іс-шараға теміржол саласының мамандарымен қатар ТЖД, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы және медициналық қызмет өкілдері қатысты. Бұл жиынның ерекшелігі – заманауи технологияларды қолдану болды. Еңбек қорғау жетекші инженері Бақытнұр Ермекова жасанды интеллект арқылы техникалық сабақ көрсетіп, қатысушыларға қауіпсіздік ережелері мен жадынамаларды QR-код арқылы ұсынды. Сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған логикалық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі артты.

«Еңбек міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарау маңызды. Өндірістік оқыту шеберлерімен апатты жағдайларды болдырмауға қатысты сабақ ұдайы өтеді. Өткен жылы Орал және Ақтөбе бөлімшелерінде төтенше жағдай болмады. Ал 2023 жылы тіркелген оқиғалар бар. Біз олардан сабақ алып, есімізден шығармау абзал», – деді бас инженер Жасұлан Рысқалиев.  

Дөңгелек үстелде ChatGPT-ді өндірісте қолдану көрсетілді. Инженердің айтуынша, бұл әдістер жұмысшыларға ақпаратты жеңіл әрі түсінікті жеткізуге көмектеседі. Цифрлық форматтағы жадынамалар мен интерактивті оқыту тәсілдері қауіпсіздік ережелерін есте сақтауды жеңілдетіп, оларды күнделікті тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері мен 103 қызметінің мамандары баяндама жасап, оқыс жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. Өзін жайсыз сезінген адамға дем беру, ең бірінші қандай әрекет жасау керектігі айтылды.

Шара соңында қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі тақырыбындағы стикерлері бар естелік сыйлықтар тарту етілді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды