Белкөл бекетіндегі 3363 метр станциялық жолға Р-65 маркалы рельс төселді

Инфрақұрылым
24.12.2021, 11:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың Белкөл бекетінде бірнеше күнге белгіленген қарбалас тіршіліктің нәтижесінде барлығы 3363 метр станциялық жолдың төсемі жаңаланып, отандық Р-65 маркалы рельс төселді. Айта кетейік, үш мыңнан астам жаңарып жаңғырған жолдар – бүкіл станциялық жолдар жиынтығы: яғни бір жолдың 300 метрі, екінші жолдың 185 метрі, үшінші жолдың 98 метрі, тағы бірінің 100 метрі жаңартылып және жаңадан 1300 метрлік бекеттің басты жолы салынды. Демек, Белкөл бекетінде жаңадан тағы бір жол пайда болды деген сөз. Бұл бекеттегі маневрлік, пойыздық жұмыстардың ширай түсуіне ықпал етпек. Бекет жолдарын жаңалап, енді бірін тыңнан салу жұмыстарын бұл салада аймаққа танымал «Integra Construction KZ» Батыс серіктестігі жүргізді. Серіктестіктің жол салуға қажетті барлық техникасы мен жеке құрамын Белкөл ЖМС директоры Айдарбек Әбілдаев, Магистральдық желі бөлімшесі мен Қызылорда жол дистанциясының басшылығы оңтайлы ұйымдастырыпты. Төрт сағаттық «толаскезде» 1300 метрлік басты жол салынған кезде 25 метрлік стандартты рельстер түгел алынып, оның орнына Луговой рельс дәнекерлеу мекемесінде әзірленген отандық 1300 метрлік ұзындықтағы түйіспесіз рельс төселді. Қызылорда жол дистанциясының 3-ші өндірістік телім басшысы Мұрат Байділдаев бастаған жол шеберлері мен бригадирлер Рахат Әлжанов, Бақытжан Ақбалаев, Қалдыбай Әділов, Ерболат Торанов толаскез барысын бақылап, жолдарды шаблон құралымен өлшеп, тексеру жұмысымен айналысты.

– Белкөлдің станциялық жолдарының жаңарып, жаңадан салынуы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында, жоспарланған кешенді шаралар негізінде жүзеге асырылуда. Жолдың 1300 метріне түйіспесіз рельстің салынуы жылжымалы құрамдардың вагон доңғалағы арқылы жолға түсіретін динамикалық жүктемесін азайту мақсатын көздейді. Бүгінгі толаскезде 800 метрлік, 325 метрлік рельстер ауыстырылып, бірімен бірі түйістірілгеннен кейін ПРСМ-5 машинасымен дәнекерленіп, қайта жонылып, тегістеліп, технологиялық талапқа сай реттеледі. Ол үшін барлық техника мен құрал-саймандар, кіші механизмдер жұмылдырылады, – деді телім басшысы Мұрат Байділдаев.
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ