Жаңадан салынатын логистикалық хаб автожол, теміржол және әуе жолын біріктіреді

Инфрақұрылым
14.04.2023, 10:27
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматыда өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту бойынша бизнес-конференция өтті. Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігі ұйымдастырған жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, QazTrade өкілдері, Алматы облысының әкімдігі, SPG, Қытайдың Қазақстандағы консулы және бизнес қауымдастығы қатысты.

Конференция барысында Алматы облысында шетел қоймалары бар логистикалық парк пен құрғақ порты іске қосылуы мүмкіндігі айтылды. Бұл тек логистикалық сектордың ғана емес, өңір бизнесінің де дамуына септігін тигізеді. Аталған жобаны жүк тасымалы бойынша әлемдегі №1 порт – Шаньдун порт корпорациясы (SPG) ұсынып отыр, оның делегациясы Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің шақыртуымен Алматыға келген.  

– Батыста бүкіл әлемді порттар байланыстырады деген сөз бар. Біз теңіз порттарынан бөлек, құрлық порттары да өте маңызды рөл атқаратынын айтқымыз келеді. Екі ел арасында барынша қолайлы логистикалық дәліз жасасақ дейміз. Біздің топ логистика және сауда саласында қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастықты тереңдетуге күш салуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы тиімді қарым-қатынасқа өз үлесімізді қосатынымызға сенімдіміз, – дейді SPG бас директоры Ли Фэнли.  

Алматы агломерациясында ірі сауда-логистикалық хаб ашу жоспарымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев бөлісті. Оның айтуынша, оны Алматы айналма теміржол желісі (73 км) жанынан салу көзделуде.  

– Әзірге техникалық-экономикалық негіздеме жасалуда. Осы сәтті пайдаланып, SPG өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырамыз. Бірқатар ірі компаниялар хаб құрылысын салуға қызығушылық танытып отыр. Аталған жоба аясында өңір логистикасы, интермодальды тасымал дамиды, ол автожол, теміржол және әуе жолын біріктіреді. Сонымен қатар ірі құрғақ порт салынады, – деді Е.Қойшыбаев.  

Конференцияға қатысушылар Еуропа мен Ресей Федерациясынан Оңтүстік-Шығыс Азияға электромобильдер транзитін іске қосып, сондай-ақ SPG порттары арқылы қазақстандық астықты экспорттау мәселесін де қарастырды.  

– SPG серіктесіміз ретінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін күш салатынына сенімдіміз және біз өз тарапымыздан бар жағдайды жасаймыз. Әлемдегі №1 порт тобынан smart инвестициялар күтеміз. Логистикалық тасымалдаудың тиімділігін арттыру үшін қытайлық және қазақстандық тараптардың инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызын атап өткен жөн, – деді Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің жетекшісі Айдын Байеділов.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады