Ақтөбе облысында жеті вокзал жөнделіп жатыр

Инфрақұрылым
29.07.2025, 09:15
Оқуға 1 мин
Сурет: Әкімдік
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысы бойынша Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Алға, Жем, Қарауылкелді және Шұбарқұдық станцияларында барлығы жеті вокзалда жөндеу жұмыстары қатар жүріп жатыр.

Барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапа талаптарына сай орындалуы жіті бақылауда. Мердігер ұйымдарға инженерлік-коммуникациялық жүйелерді қайта жаңарту міндеттелген. Жолаушылар платформаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімділікті толық қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелерге баса назар аудару тапсырылған.  

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан вокзалдардың дені – шалғайдағы станциялар. Жергілікті елдімекеннің көркі болған вокзалдардағы жөндеу жұмыстарын көрген ауыл тұрғындары марқайып жүр. Кейбірінің салынғанына ғасырдан асқан. Өткен аптада Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Байғанин және Темір аудандарындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарымен танысты. Вокзалдар маңын абаттандыру жұмыстары қатар басталған.

«Теміржол вокзалдары – өңірдің келбеті. Тұрғындарға, жолаушыларға қолайлы, қауіпсіз жағдай жасау – бәріміздің міндетіміз», – деді Асылбек Есенбаев.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды