Мемлекеттік инспектор Маңғыстау вокзалдарының жаңғырту жұмыстарын тексерді

Инфрақұрылым
13.02.2026, 09:52
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Осы аптада ҚР Президенті әкімшілігінен келген мемлекеттік инспектор Бейсен Тәжібаев түбектегі теміржол вокзалдарының реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Маңғыстау вокзалының құрылыс алаңында болып, онда жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарына баға берді.

Жергілікті теміржол басшылары мен вокзал құрылысын жүргізіп жатқан бас мердігер «Ақжол Құрылыс» ЖШС өкілдері құрылыстың жай-жапсары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Мемлекеттік инспектор теміржол вокзалдарының реконструкциясы Президенттің жеке бақылауында тұрған мәселе екенін тілге тиек етіп, құрылысты өз уақытымен және сапалы аяқтау қажеттігін ескертті.  

– Маңғыстауда үш вокзалды реконструкциялау тапсырмасы болған. Жоспар бойынша өткен жылдың соңында жаңғырту жұмыстары аяқталуы керек еді. Техникалық себептер мен конкурстық процедуралардың ұзаруына байланысты құрылыс жұмыстары белгіленген межеден кеш басталды. Сондықтан жұмысты биыл үшінші тоқсанға дейін бітіру қажет, – деді мемлекеттік инспектор.  

Маңғыстау вокзалы құрылысына жауапты «Ақжол Құрылыс» компаниясының учаске бастығы Ақжол Әбдірамановтың айтуынша, бүгінде мұнда бетон құю, металлоконструкцияны монтаждау және топырақпен көму, вокзал аумағын кеңейту үшін жалғас ғимаратты сүру сынды жұмыстар жүргізілуде. 51 адам мен он шақты техника тартылып, жұмыс екі ауысыммен, күндіз және түнгі уақыттарда ұйымдастырылуда. Қолданылып жатқан құрылыс материалдары – отандық және импорттық өнімдер. Ғимараттың негізгі қаңқасы Қарағандыдан, Теміртаудағы зауытта құрастырылып жеткізілуде екен.  

– Біз жұмысты белгіленген мерзімнен ертерек аяқтауға тырысатын боламыз. Егер жергілікті тұрғындар түсіністік танытып, түнгі уақытта жұмыс істеуімізге қарсылық болмаса, ауысымдық жұмыс ұйымдастырып, одан да тездеткен болар едік. Ал біз қазір тек кешке сағат 22:00 дейін жұмыс істей аламыз. Вокзал құрылысына әлемдік қолданыстағы «Шуко» әдісін қолданудамыз, бұйырса түбектегі алдыңғы қатарлы ғимараттың бірі болады. Жұмысшылардың дені – осы нысан құрылысы арқылы жұмыспен қамтылған жергілікті тұрғындар, – дейді құрылыс компаниясының өкілі.  

Жалпы өңірде Маңғыстаудан бөлек Шетпе және Бейнеу вокзалдарын да жаңғырту жоспарланған. Үш вокзалдың ғимараты да өткен жылы облыс әкімдігінің қаулысы негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на сенімгерлік басқаруға беріліп, реконструкциялау жұмыстары басталған еді. Маңғыстау вокзалының бұрынғы аумағы 763,7 шаршы метр болса, жаңғыртудан кейін ол 8899 шаршы метрге дейін жетеді. Шетпе вокзалы бұрынғы 201 шаршы метрден екі жарым есеге дейін ұлғаяды. Бейнеудегі небәрі 594 шаршы метрді құрайтын кішігірім ескі вокзал 3500 шаршы метр аумақты алатын зәулім нысанға айналады.  

– Қазір түбектегі үш вокзалда да қажетті құрылыс жұмыстары жүргізілуде, бәрін бақылап отырмыз. Маңғыстаудағы жұмыстардың төрттен бір бөлігі орындалды. Толықтай шұңқыры қазылып, іргетасы құйылды. Құрылыстың жетпіс пайыздай бөлігінде қаңқасы тіктелді. Шетпедегі құрылыс та бұл сатылардан өтті. Төбесін жабу және ішкі ұсақ-түйегі, есік-терезе орнату сияқты жұмыстарының жартысынан астамы аяқталып қалды. Электромонтаждау, жылу және басқа да жүйелерге қосу жұмыстарының біраз бөлігі атқарылды. Перронның жартысынан астамы жөнделді. Жалпы бұл вокзалды реконструкциялау жұмысы барысы елу пайызға орындалды. Ал Бейнеудегі жаңғырту жұмысы бұл екі нысанға қарағанда біраз кейінде. Ондағы құрылысты жүргізуші мекеме – «JJC» ЖШС. Қазір бұл вокзалда 27 жұмысшы мен 3 арнайы техника жұмылдырылып, қажетті жұмыстар атқарылуда, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Рустам Тухтиев.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады