Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды

Инфрақұрылым
20.02.2026, 09:17
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Абай облысы әкімдігінде «Бақты-Аягөз» теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы кең көлемде талқыланды. Жиынға атқарушы билік өкілдері мен мердігер компания басшыларынан бөлек «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Илья Мещеряков және ұлттық компанияның Семей филиалы директоры Алмас Сейсемқанов қатысты.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бақты-Аягөз» теміржол желісін уақытылы пайдалануға беру тапсырмасын іске асыру аясында стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаның жүргізілу барысы жан-жақты сөз болды. Елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында салынып жатқан Қазақстан – Қытай арасындағы үшінші теміржол желісінің құрылысы, қажетті шаралар мен жоспарлар талқыланды.  

ҚТЖ-ның Жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Илья Николаевич жобаның жүзеге асырылу барысын жан-жақты баяндады. Жалпы «Семей-Ақтоғай» учаскесіне шығатын «Бақты-Аягөз» теміржол желісінің ұзындығы 297 шақырымды құрайды. Жоба аясында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автокөлік жол көпірі, 5 жаяу жүргінші көпірі, 16 бақылау құрылымы салынады. Бас мердігер – China Harbour Engineering Company Co. Ltd компаниясы.  

Бүгінде құрылысқа 144 техника мен 398 адам жұмылдырылған. Қазіргі жұмыс жалпы ұзындығы 42 шақырым учаскеде жүргізіліп жатыр. Ал «Бақты-Аягөз» жобасын толыққанды іске асыру еліміздің Қазақстан – Қытай шекарасындағы өңірдің негізгі көлік-логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын мейлінше нығайта түседі. Оның сыртында бұл жоба мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  

Абай облысының әкімдігі тиісті заңнама аясында аталмыш құрылыстың мерзімінде әрі сапалы орындалуына барынша қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді. Себебі бұл құрылыс қайтадан құрылған облыс үшін стратегиялық маңызы бар ірі инвестициялық жоба.  

Жалпы, қазіргі таңда жаңа жоба Семей магистральдық желі филиалы басшылығының назарында тұр. Құрылыс барысы талапқа сай, кесте бойынша кедергісіз жүргізілуде. Жобаны толық көлемде аяқтап, қолданысқа беру уақыты келер жылдың желтоқсан айына белгіленіп отыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады