Инфрақұрылым талапқа сай ма?

Инфрақұрылым
10.04.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесінде көктемгі тексеріс басталды. Тиісті мамандардан құрылған комиссия станциялар мен жол бойының техникалық жағдайын кешенді түрде бақылауға алды.

Алғашқы күні Жіңішке, Ақтөбе-1 және Ақтөбе-2 станциялары аралығын толық аралап шыққан комиссия мүшелері жол жағдайын,ғимараттар мен техникаларды мұқият қарап шықты. Ақтөбе жол дистанциясының бас инженері Жәнібек Елғондин арнайы бекітілген кестеге сай жылына екі рет, көктемде және күзде өткізілетін байқау өз кезегінде бүкіл шаруашылықты сын тезінен өткізетін емтихан іспетті. Теміржол инфрақұрылымының техникалық жағдайын бағалау, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және еңбек, техника мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету назарға алынады.  

– Тексеріс барысында анықталған кемшіліктер негізінде қажетті материалдар көлемі есептеліп, нақты жұмыс жоспары бекітіледі. Жолдың әр бөлігі мұқият қаралып, рельстердің тозуы, шпалдардың жарамдылығы, бекітпелердің беріктігі секілді маңызды көрсеткіштер назарға алынды. Анықталған ақаулар бойынша нақты жоспар жасалып, оларды жою жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жолдың сапасын жүйелі түрде бақылауға және уақытылы жөндеуге мүмкіндік береді, – деді Жәнібек Елғондин.  

Ақтөбе жол дистанциясының жол шебері Сайран Бақбергеновтің жауапкершілігіндегі 6-телімнің күтімі талапқа сай деп бағаланды. Тек бірнеше ескерулер айтылды. 24 жылдық тәжірибесі бар маман кейбір ақауларды бірден жоюға болатынын, ал күрделірек жұмыстар қосымша уақытты қажет ететінін жеткізді. Сонымен қатар қажетті материалдар сұраныс арқылы алынып, жолдың қауіпсіз күйде болуы қамтамасыз етіледі.

– Тексеріс кезінде жол ені, рельстердің тозу деңгейі, шпалдардың жарамдылығы және бекітпелердің жағдайы мұқият қаралуда, бұл жолшылар үшін жазғы тасымал алдында үлкен сын, - дейді жол шебері.  

Көктемгі тексеріс жұмыстары аймақта 29 мамырға дейін жалғасады. Бұл аралықта Жайсаң бағытына дейінгі учаскелер толық қамтылады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады