Вокзалдардың бағын ашқан бағдарлама

Инфрақұрылым
30.06.2026, 10:22
Оқуға 3 мин

Елімізде тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды «Теміржол вокзалдарын жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында еліміздің барлық өңіріндегі 124 вокзал қамтылған. Бірқатар вокзалдарды биылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға беру жоспарланған болатын.

Маусымның ортасында жөндеуге жабылған вокзалдардың алды пайдалануға беріле бастады. Ең алдымен Семей теміржолына қарасты Белағаш және Ауыл станцияларының теміржол вокзалдары өз жолаушыларына есігін айқара ашты.12 маусым күні өткен салтанатты рәсімге қатысқандар ғасырдан астам тарихы бар көне ғимараттардың қалай жаңарып-жаңғырғанына куә болды.  

Өткен аптаның соңына қарай Солтүстік Қазақстан облысында Жаңаесіл және Саумалкөл станцияларындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту аяқталып, пайдалануға берілді. Қос вокзал ғимараты да толығымен жаңарған, құрылыс конструкциялары күшейтіліп, инженерлік желілер мен шатыр жабыны ауыстырылған, қасбеттер жөнделіп, ішкі-сыртқы әрлеу жүргізіліп, жолаушылар платформаларына дейін жаңадан төселген.  

Шығыс Қазақстан облысында Риддер және Шемонаиха станцияларындағы теміржол вокзалдарында да ауқымды қайта құрылымдау аяқталды. Ғимараттар өткен ғасырда салынған және алғаш рет кешенді жаңартудан өтіп отыр. Мұнда да ғимараттардың тірек конструкциялары күшейтіліп, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылған. Вокзалдар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустармен, нашар көретін жолаушыларға арналған тактильді тақтайшалармен жабдықталып, өрт қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу жолдары қарастырылған.  

Сондай-ақ өткен аптада Қызылорда облысында Жаңақорған және Шиелі станцияларындағы теміржол вокзалдарын және Талап жолаушылар платформасын да қайта жаңарту аяқталып, пайдалануға берілді. 1976 жылы салынған Жаңақорған станциясының теміржол вокзалы толығымен жаңартылып, қайта жөндеуден кейінгі үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 922,3 шаршы метрді құрап отыр. Мұнда да шатырды ауыстыру, сыртқы және ішкі әрлеу, сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту, іргелес аумақ пен перронды абаттандыру т.б. жұмыстар атқарылған.  

1904 жылы салынған Шиелі станциясының теміржол вокзалы да толығымен жаңартылды. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. Қайта құру барысында шатыр, қасбет және ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер жаңғыртылды, іргелес аумақ пен перрон абаттандырылған.  

Сыр өңірінде сонау 1903 жылы салынған Қазалы теміржол вокзалы да жаңа келбетке ие болды. Қайта жаңарудан кейінгі ғимараттың жалпы ауданы 1 014 шаршы метрді құрап, жолаушы халыққа толық жағдай жасалған.  

Ал күні кеше Атырауда да қайта түлеген қос бірдей вокзалдың ашылу салтанаты өтіп, жолаушы халық көзайым болды. Аймақтағы күрделі жөндеу жүріп жатқан 9 вокзалдың алғашқысы болып Аққыстау вокзалы берілді. Жалпы ауданы 220 шаршы метрді құрайтын, 100 адамға арналған күту залы, толып жатқан қызмет бөлмелері, касса, 4 пандус бар вокзалдың айналасы абаттандырылып 30 жас көшет отырғызыпты.  

Екінші ашылған Ганюшкино вокзалы 800 шаршы метрді құрайды, 150 жолаушыға арналған күту залы, медпункт, жүк багаж бөлімі, мұнда да барлық қызметтерге тиесілі бөлмелер жабдықталған, жолаушыларға қызмет көрсету үшін қазіргі жағдайға сай жайлы жағдайлар жасалған. Қазақта «қаптың аузы ашылды» деген әдемі сөз бар. Демек, Қазақстан темір жолының өн бойында салтанатты да сәнді 124 вокзал пайдалануға берілетін күн алыс емес.  

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана  

Сабырхан НАДИРБАЕВ, Қызылорда  

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті