Күрделі жөндеу: 97 пайыз орындалған

Инфрақұрылым
15.10.2019, 09:43
Оқуға 2 мин

Үстіміздегі жылы 401,286 км жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын, ал тоғыз ай ішінде соның 383,3 шақырымы жөнделген.

Жол және құрылыс департаменті мәліметіне сүйенсек, аталған жөндеу жұмыстары барысында балластарды тазарта және толықтыра отырып, шпалдарды алмастыру жұмыстарына SMD-80 және рельстерді түйіспесіз рельстер иініне алмастыруға RM-80, ХДВ, ЭЛБ, ВПО3000, Duomatic, DGS, PBR машиналар кешені, сондай-ақ, рельстерді, шпалдарды, балластарды тұтастай алмастыруға УК25/9-18 краны пайдаланылған. Пойыздар жүрісінің бірқалыпты болуын қамтамасыз ету үшін ПРСМ рельс дәнекерлеу машинасын қолдана отырып, учаске блогына дейін түйіспесіз рельс иіндеріне дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі.

Күрделі жөндеу темір-бетонды шпалдар мен оське түсетін жүктеме 25 тоннадан кем болмайтын және де 200 км/сағатқа дейін қозғалыс жылдамдығын құрайтын берік клеммалары бар рельс бекітпелерін пайдалану арқылы жүргізілген.

Бүгінде жөндеу жұмыстарының арқасында 338 км жолдың ағаш шпалы темір-бетонды негізге көшірілсе, 41 км жолда асбестік балластың орнын шағылтас басқан. Сонымен қатар 72 км жолда Р 50 типті рельстер қуаттырақ Р65 түріне алмастырылып, 357 шақырымда бунақ жолдар түйіспесіз сипатқа ие болған.

Жол шаруашылығы мамандары, күрделі жөндеу солтүстік аймақ бойынша Есіл – Тобыл теліміндегі 21,17 км жолда, Павлодар – Ерейментау телімі бойынша 54,7 шақырымда, орталық аймақ бойынша Қызылжар – Жезқазған телімінде 70,85 шақырымда, шығыс өңірі бойынша Жаңа-Семей – Спутник және Достық – Саяқ телімдерінде 27,33 және 101,49 шақырымда жүргізілуде. Ал батыс аймақ бойынша Қазалы – Сексеуіл телімінде 28,29 шақырымда, Шалқар – Ақтөбе 24,72 шақырымда, сосын Мақат – Өзен аралығындағы 72,73 шақырымда жолдар күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болған. Енді жыл соңына дейін 18 км шамасындағы жол көлемі күрделі жөндеу көрмек. Жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. 

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді