Жол жөндеу жоспарға сай жүріп жатыр

Инфрақұрылым
20.04.2020, 21:40
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шу жол дистанциясының жолшылары Бірлік – Жиделі станциялары аралығындағы теміржолды Шу механикаландырылған дистанция күшімен орташа жөндеуден өткізуде.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты бұл телімде теміржол төсемінің ескірген қиыршық тастары жаңартылуда. Жол сапасын жақсарту және жазғы тасымал маусымына дайындық аясында атқарылып жатқан жұмыстар елдегі қалыптасып отырған жағдайға қарамастан жоспарға сай жүзеге асырылуда. Рельс астындағы 20042010 жылдары төселген қиыршық тастар қыста қардан, көктем мен күзде жаңбырдан әбден су шайып, ластанған және уақталып кеткен. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басы-қасында жүрген Шу жол дистанциясы директорының орынбасары Дәулетбек Жолдасбековтің айтуынша, бұл жұмыстар елде төтенше жағдай жарияланғанға дейін 9 наурызда басталыпты. Барлығы 18 км жолдың төсемін жақсарту жоспарланған, бүгінде жолшылар оның 15 шақырымын жасап бітті. Енді қалған 3 шақырымды 21 сәуірге дейін аяқтау көзделіп отыр.

– Жұмыс таңнан басталып, қас қарайғанға дейін телім басындамыз. Толаскез 10-12 сағаттан жариялануда. Бір жақсысы, бүгінгі жағдайға байланысты жолаушылар тасымалы тоқтап, толаскез алу оңай болып тұр. Жолаушылар пойызы мүлдем жүрмейді, жүк пойыздарының да қатары азайып кеткен. Басында шебінді іргедегі Шоқпар станциясындағы «Шоқпартас» ЖШС-нен алып жатқанбыз. Одан кейін олар жұмысын уақытша тоқтатып, кей ін Шағалтастан тасыдық. Олар да карантинге жабылғасын Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Луговой станциясындағы базада қыста алдын ала дайындап қойған шебінді алып, жұмысты тоқтатпай жалғастырып жатырмыз. Жөндеу жұмысы кезінде дистанция басшысы Ғалымбек Батырбековтен бастап, телім бастығы, орынбасарлары, жол шеберлері осы жерде жүр. Магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы телефонмен хабар алып, толаскезді қадағалап отыр, – дейді дистанция бастығының орынбасары.

Орташа жөндеу жұмыстарына Шу ПЧМ мекемесінен әр техника бойынша 4-5 адамнан, ЭЧ мен ШЧ-дан 6 адамнан және Шу жол дистанциясынан 18 адам жұмылдырылған.  

Жұмыс барысында сақтық шаралары толықтай сақталып отыр. Барлық жұмысшылар маскалармен, антисептиктермен қамтамасыз етіліп, оларды толық пайдалануда. Негізгі жұмыс техника күшімен жасалады.

Тек ең күрделі жұмыс Шу өзенін кесіп өтетін 3745 шақырымда 6 пикет тұсындағы үлкен көпір маңында болған. Сол көпір алдындағы 100 метр жердің жөндеу жұмысын жолшылар қол күшімен жасаған.

Рельс торын алып тастап, астын бірнеше қабат қолмен қазып алып, қиыршық тасын да қолмен төгіп, жаймалап, барлық жұмысты баппен қолмен атқарған. Себебі бұл жердегі теміржолдың орналасу деңгейі техникамен жасауға қолайсыз. Ал қалған жердегі теміржол төсемдерінің қиыршық тасын алдымен RМ техникасы тазалап өткесін, артынан кешенді машиналар жұмысы басталады. Алдымен хоппердозатор вагоны арқылы қиыршық тас рельс деңгейімен бірдей етіп төгіледі, оның артынан PBR техникасы әр рельс тұсын шпал көрінетіндей ашып өтеді. Сосын Дуомат техникасы рельсті көтеріп, қиыршықтасты ұрып, деңгейін тегістейді. Одан әрі ДГС техникасы қатты тығыздап шығады. Осылайша олар бір күнде 1 км астам жолды жөндеп келе жатыр. Оның сыртында жолшылар үшін қосымша жұмыстар жеткілікті. Олар бекітпесі, шпалы нашар жерлер кездессе ауыстырып, бұрандалар мен шруптарын қатты етіп бекітеді т.т. майда-шүйде жұмыстарын жасайды. Телім басына жолшылар УАЗ, КАМАЗ арнайы қызметтік көліктермен тасымалдануда.   

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады