Өрт жасағы жаңаруды қажет етеді

Сұхбат
25.08.2017, 18:28
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағы өз алдына енші алып шыққанына көп уақыт өткен жоқ, небәрі үш жыл. Десек те жетістіктерден кенде емес. Мұның сырын мекеменің алғашқы дәрі бүгінгі  басшысы Қайырхан Таласовтан білген едік.      - «Бес саусақ бірікпесе, ине де ілікпейді» деген ғой, ұжымда бірлік болса, бәрі де болады. Қазір біздегі қызметкерлер саны штаттық кестеге сай емес.  Бірақ оған қарап отырған біз жоқ, аз күшпен көптің жұмысын тындырып отырмыз. Бейнеу мен Болашақта 19 адамның орнына сәйкесінше 17 және 10 адам, Маңғыстауда 15-тің орнына 13 адаммен атқаруға күш салудамыз. Жасақтың өзінде басшының көмекшісі, нұсқаушы және 5 диспетчермен қоса 8 адам болуы тиіс болса, бізде жалғыз мен. Сондай-ақ ережеде көрсетілгендей, әр өрт сөндіру пойызы 1,5 сағатта жететін телімді емес, одан анағұрлым көлемді аумақта қамтып отырмыз. Қызметтік вагондарымыз ескірген, мотопомпалар есікірген, рациямыз жетіспейді, түгел техникалық жаңартуды талап етеді. Тек біз ғана емес, жалпы, өрт қызметі жаңару мен жаңғыруды қажет етеді, - деп қайырды жасақ бастығы. - Дегенмен, көрсеткіштеріңіз жақсы, өткен жылы жүлде алдыңыздар... - Әрине, жалпы айтып жатқаным ғой, әйтпесе жоқ деп қол қусырып отырған біз емес. Өйткені өртке оның бірі де қызық емес, оған кішігірім қателік те жетіп жатыр... Жақында Болашақтың бір өрт сөндіру цистернасы Қазалыда жөнделіп келді, күзге қарай Бейнеуден тағы біреуін жөндетеміз. Штаттық сәйкестік жөнінде төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар берілді.  Мәскеу де бірден салынбаған дегендей, бәрі де орнымен орындалар.     -   Жасақ кандай көлемді қамтып отыр, қызмет көрсету аумағы? -Бүгінде біздің жасақ жалпы көлемі 1341,3 шақырым аумаққа қызмет көрсетіп отыр. 43 қызметкер, бірінші санатты - 1, екінші санатты - 2 өрт сөндіру пойызы, 1 өрт сөндіру автокөлігіміз бар. Пойыздар Маңғыстау, Бейнеу, Болашақ станцияларында орналасқан. Болашақтағы өрт сөндіру депосы өз алдына жеке ғимарат, өрт сөндіру автокөлігімен қамтылған. Дұрыс айтасыз, ашылғалы аз уақыттың ішінде салалық жарыстан екі рет жеңімпаз болдық. 2015 жылдың қорытындысында 3 орынға, өткен жылы 1 орынға шықтық. Болашақ өрт сөндіру пойызының жұмысшысы Ербол Бытық "Кәсібі бойынша үздік" атанса, Бейнеуден өрт сөндіруші Есболат Тайшыбаев мерекелік медаль алды. Салалық жарыстың жүлдесінен биыл да үміттіміз. -  Оған қандай алғышарттар атар едіңіз? -   Жыл басынан 7 айда 315 рет (2016 жылы 320) нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы  тексеріліп 262 (2016жылы 398) бұзушылық анықталды. Былтырғыға қарағанда әрине аз. Өткен жылы нысандарды тексеруші 5 инспектор  болатын, қазір екеу ғана. Өйткені ағымдағы жылдың басынан өртке қарсы қызмет - өрт сөндіру және өрт қауіпсіздік қызметі болып бөлінді. Инспекторлардың әрқайсысының телімі 250 км аспауы керек. Бірақ бізде бір нұсқаушыға 570, екіншісіне 753 км келеді. Десе де жоспардан қалып жатқан жоқпыз. Осы жартыжылдықта кестеге сәйкес 7 оқу-жаттығу ұйымдастырдық, жыл соңына дейін тағы 6 жоспарланған.   - Өртке қарсы қандай кемшіліктер көп кездеседі? - Ағымдағы жылы темір жол жиегіндегі өрттер көп кездескендіктен алыс разъездерге шығып, жол жағасындағы шөптер, жиналып тұрған шпалдар баса назарда болды. Жалпы 7 айда қауіпсіздік жағдайы қаралған нысандардың ішінде электр желісінің ақаулары 65 рет орын алса, көп орын алған кемшіліктер қатарына алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамсыздығы, оның ішінде өрт сөндіргіштердегі кемшіліктер, автоматты өрт сөндіру құралдарымен байланысты, өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша анықталған.  Жылжымалы құрамда, оның ішінде жолаушылар пойыздары бойынша 1125  дерек анықталды. Сосын ақаулар негізі жол дистанциясынан көп кездеседі. Алғашқы өрт сөндіру құралдарына байланысты 17 бұзушылық осы мекемелерден табылды. 7 кем-кетік белгі беру және байланыс дистанциясында болды. Өзге нысандарда көп емес. Өртке қатысты  71 кемшілік болса, оның 21-і жол, 18-і  белгі беру және байланыс дистанцияларына тиесілі.       Мұндай ақаулықтар табылған мекемелерге нысандар және тоқ жүйесіне қатысты екі түрлі ескерту жасалады. 7 айда өрттің алдын алу бойынша 28, тоқ жүйесінен ажыратуға байланысты 5 ескерту берілді. Онда жұмыстың көлеміне қарай орындау мерзімі көрсетіледі. Алайда кейбір мекемелер уақытылы орындауға қаражат бөлінбеуін алға тартады. Дегенмен қауіпсіздік ескертуін жылдам ретке келтіріп, қауіпсіз де шығынсыз шығып отырған  мекемелер де бар. Оған мысалы электрмен жабдықтау дистанциясы, Бейнеу, Маңғыстау қалпына келтіру пойыздарын атауға болады.   -  Үздік жасақты басқару қандай міндеттер жүктейді? - Мен еңбек жолымды Ақтөбе өрт сөндіру пойызында қарапайым өрт сөндірушіден бастадым. Оған да ширек ғасырдан асты. Яғни, менің әу баста тек осы салада еңбек етіп бастағаным, менің артықшылығым. Өйткені, мен өрт сөндіру қызметіне қатысты бәрін білем,  Маңғыстауға 2001 жылы, Атырау өртке қарсы қызмет жасағының Сайөтес-Өзентелімінде нұсқауш болдым.  2009-2014 жылдары аралығында Атырау өртке қарсы қызмет жасағы бастығының Маңғыстаудағы орынбасары болдым, ал 2014 жылдан бері жаңадан ашылған Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының басшысымын. Еңбек ешқашан нәтижесіз болмайды. 2009 жылы "Үздік маман" атанып,  2016 жылы салалық жарыста бірінші орын алған ұжым басшысы ретінде  "Үздік басшы" аталымын иелендім. 

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жаңалықтар
16.01.2026
Мемлекет басшысы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
Аймақтар
16.01.2026
Шиелі өрт сөндіру пойызы жаңа орынға көшірілді
Инфрақұрылым
16.01.2026
Атырау темір жолында инфрақұрылым жаңарып жатыр
Инфрақұрылым
16.01.2026
Түбектің басты теміржол қақпасы жаңарады: құрылыс жұмыстары қарқын алды
Аймақтар
16.01.2026
Ақтөбеде пойыздар жылдамдығы артты
Қауіпсіздік
16.01.2026
«Қауіпсіздік күні»: Сексеуіл депосының басшылығы нысандарды тексерді
Қауіпсіздік
16.01.2026
Арыс өрт сөндіру пойызы 5 гектар аумақты шарпыған өртті сөндірді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №3 16 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
15.01.2026
ҚТЖ-дағы сөйлеу клубы Қадыр Мырза Әліні еске алды
Жүк тасымалы
15.01.2026
2025 жылы теміржол көлігімен 320 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.01.2026
ҚТЖ-да Армения Республикасының Елшісімен кездесу өтті
Қауіпсіздік
15.01.2026
Алғашқы көмек маңызды
Жүк тасымалы
15.01.2026
Ел шығысында көмір тасымалы қайта жанданды
Аймақтар
15.01.2026
Сексеуіл локомотив депосы жылды табыспен қорытындылады
Жаңалықтар
15.01.2026
Теміржолшылар 80 мың оқушыға қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізді
Әлемде
14.01.2026
Таиландта пойызға кран құлап, 20-дан астам адам қаза тапты
Жаңалықтар
14.01.2026
Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы мұнай базасындағы өртті сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
14.01.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Жүк тасымалы
14.01.2026
Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы 2025 жылы жүк тасымалдау жоспары асыра орындалды
Әлемде
14.01.2026
Қытай темір жолдары 2025 жылы 4,6 млрд жолаушы тасымалдаған