Өрт жасағы жаңаруды қажет етеді

Интервью
25.08.2017, 18:28
4 мин чтения
Шахида Жұман

Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағы өз алдына енші алып шыққанына көп уақыт өткен жоқ, небәрі үш жыл. Десек те жетістіктерден кенде емес. Мұның сырын мекеменің алғашқы дәрі бүгінгі  басшысы Қайырхан Таласовтан білген едік.

- «Бес саусақ бірікпесе, ине де ілікпейді» деген ғой, ұжымда бірлік болса, бәрі де болады. Қазір біздегі қызметкерлер саны штаттық кестеге сай емес.  Бірақ оған қарап отырған біз жоқ, аз күшпен көптің жұмысын тындырып отырмыз. Бейнеу мен Болашақта 19 адамның орнына сәйкесінше 17 және 10 адам, Маңғыстауда 15-тің орнына 13 адаммен атқаруға күш салудамыз. Жасақтың өзінде басшының көмекшісі, нұсқаушы және 5 диспетчермен қоса 8 адам болуы тиіс болса, бізде жалғыз мен. Сондай-ақ ережеде көрсетілгендей, әр өрт сөндіру пойызы 1,5 сағатта жететін телімді емес, одан анағұрлым көлемді аумақта қамтып отырмыз. Қызметтік вагондарымыз ескірген, мотопомпалар есікірген, рациямыз жетіспейді, түгел техникалық жаңартуды талап етеді. Тек біз ғана емес, жалпы, өрт қызметі жаңару мен жаңғыруды қажет етеді, - деп қайырды жасақ бастығы.

- Дегенмен, көрсеткіштеріңіз жақсы, өткен жылы жүлде алдыңыздар...

- Әрине, жалпы айтып жатқаным ғой, әйтпесе жоқ деп қол қусырып отырған біз емес. Өйткені өртке оның бірі де қызық емес, оған кішігірім қателік те жетіп жатыр... Жақында Болашақтың бір өрт сөндіру цистернасы Қазалыда жөнделіп келді, күзге қарай Бейнеуден тағы біреуін жөндетеміз. Штаттық сәйкестік жөнінде төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар берілді.  Мәскеу де бірден салынбаған дегендей, бәрі де орнымен орындалар.    

- Жасақ кандай көлемді қамтып отыр, қызмет көрсету аумағы?

- Бүгінде біздің жасақ жалпы көлемі 1341,3 шақырым аумаққа қызмет көрсетіп отыр. 43 қызметкер, бірінші санатты - 1, екінші санатты - 2 өрт сөндіру пойызы, 1 өрт сөндіру автокөлігіміз бар. Пойыздар Маңғыстау, Бейнеу, Болашақ станцияларында орналасқан. Болашақтағы өрт сөндіру депосы өз алдына жеке ғимарат, өрт сөндіру автокөлігімен қамтылған. Дұрыс айтасыз, ашылғалы аз уақыттың ішінде салалық жарыстан екі рет жеңімпаз болдық. 2015 жылдың қорытындысында 3 орынға, өткен жылы 1 орынға шықтық. Болашақ өрт сөндіру пойызының жұмысшысы Ербол Бытық "Кәсібі бойынша үздік" атанса, Бейнеуден өрт сөндіруші Есболат Тайшыбаев мерекелік медаль алды. Салалық жарыстың жүлдесінен биыл да үміттіміз.

- Оған қандай алғышарттар атар едіңіз?

- Жыл басынан 7 айда 315 рет (2016 жылы 320) нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы  тексеріліп 262 (2016жылы 398) бұзушылық анықталды. Былтырғыға қарағанда әрине аз. Өткен жылы нысандарды тексеруші 5 инспектор  болатын, қазір екеу ғана. Өйткені ағымдағы жылдың басынан өртке қарсы қызмет - өрт сөндіру және өрт қауіпсіздік қызметі болып бөлінді. Инспекторлардың әрқайсысының телімі 250 км аспауы керек. Бірақ бізде бір нұсқаушыға 570, екіншісіне 753 км келеді. Десе де жоспардан қалып жатқан жоқпыз. Осы жартыжылдықта кестеге сәйкес 7 оқу-жаттығу ұйымдастырдық, жыл соңына дейін тағы 6 жоспарланған.  

- Өртке қарсы қандай кемшіліктер көп кездеседі?

- Ағымдағы жылы темір жол жиегіндегі өрттер көп кездескендіктен алыс разъездерге шығып, жол жағасындағы шөптер, жиналып тұрған шпалдар баса назарда болды. Жалпы 7 айда қауіпсіздік жағдайы қаралған нысандардың ішінде электр желісінің ақаулары 65 рет орын алса, көп орын алған кемшіліктер қатарына алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамсыздығы, оның ішінде өрт сөндіргіштердегі кемшіліктер, автоматты өрт сөндіру құралдарымен байланысты, өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша анықталған.  Жылжымалы құрамда, оның ішінде жолаушылар пойыздары бойынша 1125  дерек анықталды. Сосын ақаулар негізі жол дистанциясынан көп кездеседі. Алғашқы өрт сөндіру құралдарына байланысты 17 бұзушылық осы мекемелерден табылды. 7 кем-кетік белгі беру және байланыс дистанциясында болды. Өзге нысандарда көп емес. Өртке қатысты  71 кемшілік болса, оның 21-і жол, 18-і  белгі беру және байланыс дистанцияларына тиесілі. Мұндай ақаулықтар табылған мекемелерге нысандар және тоқ жүйесіне қатысты екі түрлі ескерту жасалады. 7 айда өрттің алдын алу бойынша 28, тоқ жүйесінен ажыратуға байланысты 5 ескерту берілді. Онда жұмыстың көлеміне қарай орындау мерзімі көрсетіледі. Алайда кейбір мекемелер уақытылы орындауға қаражат бөлінбеуін алға тартады. Дегенмен қауіпсіздік ескертуін жылдам ретке келтіріп, қауіпсіз де шығынсыз шығып отырған  мекемелер де бар. Оған мысалы электрмен жабдықтау дистанциясы, Бейнеу, Маңғыстау қалпына келтіру пойыздарын атауға болады.  

- Үздік жасақты басқару қандай міндеттер жүктейді?

- Мен еңбек жолымды Ақтөбе өрт сөндіру пойызында қарапайым өрт сөндірушіден бастадым. Оған да ширек ғасырдан асты. Яғни, менің әу баста тек осы салада еңбек етіп бастағаным, менің артықшылығым. Өйткені, мен өрт сөндіру қызметіне қатысты бәрін білем,  Маңғыстауға 2001 жылы, Атырау өртке қарсы қызмет жасағының Сайөтес-Өзентелімінде нұсқауш болдым.  2009-2014 жылдары аралығында Атырау өртке қарсы қызмет жасағы бастығының Маңғыстаудағы орынбасары болдым, ал 2014 жылдан бері жаңадан ашылған Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының басшысымын. Еңбек ешқашан нәтижесіз болмайды. 2009 жылы "Үздік маман" атанып,  2016 жылы салалық жарыста бірінші орын алған ұжым басшысы ретінде  "Үздік басшы" аталымын иелендім. 

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года