Қырықбай ӘЛСЕЙІТҰЛЫ: Теміржол саласында тағы бір жарқын кезең басталды

Сұхбат
29.07.2025, 09:40
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы консультативтік кеңес мүшесі, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітовпен сұхбат.

– Қырықбай Әлсейітұлы, әуелгі кезекте ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Қазақстан темір жолы жайлы естеліктермен бөліссеңіз.  

– Иә, өткенге үңілмей бүгінгі күннің жетістігін бағалау қиын. Кеңестер одағы ыдырағанда ерекше қиындық сезінген бірден-бір сала темір жол дер едім. Себебі одақ елдері арасында экономикалық байланыс үзіліп, зауыттар мен ірі өндіріс орындары жабылып жатты. Тапсырыс саны төмендеп, теміржолдағы жүк айналымы күрт азайды. Осындай қысылтаяң кезеңде бөлімше басшылығы назарға алған басты мәселе жұмысшыларды қысқартпай, мүмкіндігінше мамандарды сақтап қалу болды.  

Мен ол кезде Семей темір жолының бас инженері едім, сондықтан бәрі көз алдымда өтті. Айта кетерлігі, саудаға кетіп, базар жағалап, коммерциямен айналысқандар көбейген шақта біздің бөлімшеде бірде бір теміржолшы кәсібін ауыстырған жоқ. Негізгі контингентті сақтап қала алдық. Рас, желі бойындағы мекемелерде қысқартулар орын алды, алайда, біз бірінші кезекте зейнет жасындағыларды ғана босатып, әсіресе жас мамандарды сақтап қалуға тырыстық. Кейбірі түрлі себептермен көшіп кетіп жатты. Оңтайластыру жұмыстарын жүргізіп, олардың орнына тәжірибелері қалыптасқан өз мамандарымызды тарттық. Ел экономикасы айтарлықтай деңгейде тұралап қалған сол қиын кезде біз ертеңгі күнге деген сеніммен еңбек еттік.  

Бір айта кетерлігі, еліміздегі барлық сала құлдырауды бастан өткізген шақта тек темір жол ғана қарқынын жоғалтпады. Сол кезеңдегі аға буын өкілдері қандай кезде де жүк және жолаушылар пойызының ағынын тоқтатқан жоқ.  

Бүгінде, міне, әл-ауқатымыз артып, жаңа бастамалар мен түрлі реформалар жасалынып, теміржолшылардың әлеуметтік жағдайына да баса назар аударылуда. Мен осыған қуанамын.  

– Осы орайда отандық теміржол саласындағы тың жобалар мен реформаларға қаншалықты көңіліңіз толады?

– Жалпы өңірімізде соңғы жылдары көптеген іргелі жобалар сәтімен жүзеге асырыла бастады. Аймақтың теміржол саласындағы оң өзгерістер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ басталған болатын. Ақсу – Дегелең, Шар – Өскемен телімдері – соның айқын дәлелі. Республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін маңызы зор жобалардың тұсауы кесіліп, көптеген жаңа нысандар пайдалануға беріле бастады. Қазірдің өзінде бірнеше алып жоба қолға алынған. Бір ғана Бақты – Аягөз теміржолының өзі неге тұрады? 

Біз, ардагерлер қауымы, теміржол саласындағы әрбір жағымды жаңалықты қуанышпен қабылдаймыз. Еліміздің теміржол саласында 1300 шақырымды құрайтын 4 ірі инфрақұрылымдық жобаның іске асырылып жатқаны теміржолда тағы бір жарқын кезеңнің басталғанын айғақтайды. Президентіміз елімізде транзиттік жүк тасымалы халықаралық бәсекеде артықшылыққа ие екенін, оны тиімді пайдалану керектігін жиі айтады. Бұл орайда жаңадан құрылған Абай облысында тың жобалар көптеп қолға алынуда. Көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестицияның да қайтарымы мол болары анық.  

Соңғы жаңалықтардан түйгенім, ұлттық компания елімізді Еуразия құрлығындағы транзиттік хабқа айналдыру үшін көптеген іргелі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Теміржол және транзит саласында да Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүруде. Бұл жайт, сөз жоқ, өз кезегінде тасымал саласының дамуына оң ықпал етеді.  

Ел шығысындағы сәтімен жүзеге асып жатқан жаңашылдықтардың бірі – ұлттық компания тарапынан қолға алынған теміржол тасымалын цифрландыру жобасы дер едім. Аймақтағы жүктің 80 пайызы теміржол арқылы тасымалданады десек, бұл бастаманың нәтижесі де ауқымды екенін бағамдау қиын емес.  

– Қырықбай Әлсейітұлы, 66 жылдық еңбек жолыңыздың басым бөлігі басшылық қызметтерде өтіпті. Еліміздегі теміржол саласындағы басқару, ұйымдастыру жұмыстары туралы пікір-пайымыңыз қандай?  

– Бүгінде ұлттық компаниядағы кадр саясаты дұрыс жолға қойылған деп ойлаймын. ҚТЖ құрылған алғашқы жылдары басшылыққа көбінесе бизнес саласында тәжірибесі бар азаматтар келетін. Ұйымдастыру жұмыстары нәтижелі жүргізілгенімен, техникалық процестерді басқару мен тиімділігі мол жаңа бастамаларды жолға қоюда кемшін тұстар болатын. Ал қазіргі күні темір жолда тек осы салада шыңдалған азаматтар іс басына келуде. Мәселен, басқарма төрағалығына жұмысын темір жолда қарапайым еңбек адамы болып бастаған Талғат Алдыбергеновтің тағайындалуын аймақтағы ардагерлер қауымы қуанышпен қабылдадық. Сала маманының қалыптасқан ахуалды бағамдауы, жоспарлар құрудағы стратегиялық ойлау қабілеті, тіпті шешім қабылдауы да өзгеше болады. Теміржолда өркендеу мен жаңғырудың жаңа кезеңі басталған бүгінгі таңда осындай азаматтардың басшылыққа келуін кадр таңдауда мол тәжірибесі бар байырғы басшы ретінде құптаймын.  

– Сұхбатыңызға рахмет.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды