Транзит тасымалындағы үлесіміз жоғары

Сұхбат
01.12.2019, 09:54
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі – Сырдың бойына Орынбор-Ташкент теміржолы пайдалануға берілген 1904 жылы іргесі қаланып, сонан бері түрлі құрылымдық өзгерістерден өтіп, компания бойынша әрдайым алдыңғы қатарда жұмыс жасап келе жатқан ғасырдан аса тарихы бар бөлімше. Тарихи мекендегі теміржолшылар тынысы жайлы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, Құрметті теміржолшы, «Құрмет» орденінің иегері Аманкелді Арысбаевпен сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.

– Аманкелді Қонысбайұлы, бөлімше теміржолшыларының мерейі еңбектегі көрсеткіштерімен бағаланатыны белгілі. Бұл бөлімше аралық өзара бәсекелестік пен жұмыс сапасын арттыруға бағытталған заңдылық екені белгілі. Ендеше, көрсеткіштерге көз жүгіртсек.

– Жалпы үш тоқсан қорытындысында және қазан айындағы қорытынды көрсеткіштерде тасымал шаруашылығы бойынша пойыз және маневрлік жұмыстарда ақау орын алған жоқ. Алайда 3 адам басу оқиғасы тіркелді. Бұл бөгде жандардың теміржол бойына шығуына байланысты тепловоз машинистерінің оқыс тежегіш басуымен байланысты. Дегенмен, жедел тежегіш басу оқиғаларын болдырмау мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіліп, түрлі рейдтер ұйымдастырылуда. Темір жол бойына жақын маңдағы тұрғындармен, білім ошақтарында кездесулер өтіп, теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігін түсіндіру жұмыстары да үнемі жүргізілуде.

Соңғы бірнеше жылдан бері сала бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан қызылордалық теміржолшылар биылғы жылды да жақсы көрсеткіштермен тәмамдауды жоспарлап отыр. Жылдың он айлық қорытындысы бойынша бұрынғы жетістіктерін жалғастырып, 9615,0 т.км.нетто жүк тасымалдау межесін 9716,1 т.км.нетто көлеміне жеткізген бөлімше теміржолшылары жоспарды 101,1 пайызға орындап отыр. Жүк жөнелту жұмыстарында тәулігіне 74 вагонға жүк тиеліп, күніне148 вагоннан 4693,5 тонна жүк түсірілген. Жүк тиелген вагондардың 50,25 тоннаға жоспарланған динамикалық жүктемесі 50,69 тн жетіп, жоспар 100,9 пайызға орындалған. Вагондардың 62,99 тоннаға есептелген статистикалық жүктемесі нәтижесі 63,55 тоннаға жетіп, меже 100,9 пайызды құраған, 1291 вагонға белгіленген вагон жұмыс паркі 1248 вагонға азайып, көрсеткіш 103,4 пайызға жеткен. Жүк вагондарының 1,27 тәулікке белгіленген айналымы 1,24 тәулікке жетіп, көрсеткіш 102,4 пайызға орындалған. Жүк вагондарының тәуліктік өндірісінің орташа көрсеткіші 17425,0 тн.км.бруттоға межеленген жоспары 17348,5 тн.км.бруттоға жетіп, меже 99,2 пайызға жеткен, бір операция кезіндегі вагонның тұруы 8,96 сағатқа белгіленсе, ол көрсеткіш 8,57 сағатқа кеміп, меже 104,6 пайызға көтерілген. Учаскелік жылдамдықтың орташа тәуліктік көрсеткіш межесі 48,00 км/сағ деп белгіленсе, бұл 48,94 км/сағатты құрап, 102,0 пайызға жетті. 52,19 км/сағат болып межеленген техникалық жылдамдық 52,98 км/сағатқа кеміп, 101,5 пайызға орындалды.

– Бұл әрине, бөлімшеге қарасты мекемелердің өнімді жұмыс жасағанын көрсететіні анық. Жалпы Қызылорда бөлімшесінің аты қашан да алдыңғы лекте аталатыны аймақ теміржолшыларының мерейі десек жарасады.

– Рас, біздің бөлімше салалық жарыстарда үнемі алдыңғы қатарда және барлық қоғамдық-көпшілік жұмыстарда шет қалмайтын белсенділігімен ерекшеленеді. Компания басшылығының біздерге жүктеген тапсырмаларын биылғы жылы да мүмкіндігінше қажетті деңгейде орындап, жылдағы дәстүрмен алдыңғы қатардан орын аламыз деген ойдамыз. Өткен жылдардың қорытындысына қысқаша шолу жасасақ, өңірдегі бірнеше мекеменің өз саласы бойынша жүлдегер атанғанын мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, Қызылорда локомотив пайдалану, Қазалы вагон пайдалану деполары мен Жолаушылар вагондарын жөндеу деполары, Қызылорда ЖТ бөлімшесі алдыңғы қатардан көрініп жүр.

Атқарылған жұмыс деңгейіне орай аймақтағы станциялардың да санат мәртебесі өсті. Сонымен бірге Қызылорда магистральдық желі бөлім-шесінде де ауыз толтырып айтатын жақсы жаңалықтар бар, мәселен, аймақтар арасындағы жарыстарда оқ бойы озып шыққан Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы, Қызылорда қалпына келтіру пойызы мен Қызылорда өрт сөндіру пойызы ұжымдары әр жылдары жүлделі орындарды иеленіп, аймақ мерейін өсіруде. Осының бәрі қызылордалық теміржолшылардың әрқайсысының аймақ теміржолын дамытуға қосқан үлесі болып саналады.

– Қазіргі таңда халықаралық бағыттағы контейнерлік пойыздар тасымалы өзекті болып отыр. Аймақ бойынша бұл пойыздар қалай жүргізілуде?

– Біздің бөлімше арқылы өткізілетін халықаралық бағыттағы контейнерлік пойыздардың жүріс өнімділігін арттыруға «ҚТЖ» компаниясы басшылығы айрықша мән беріп отыр. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде контейнерлік пойыздардың техникалық және технологиялық операцияларды орындау үшін аялдау ұзақтығының нормативтері бекітілген. Осыған орай контейнерлік пойыздардың жүрісі реттеліп, олардың он ай ішіндегі 1150 км/тәуліктікке бекітілген маршруттық жылдамдығы 1168,25 км/тәулікке көтеріліп, жоспар 101,6 пайызға жетті. Ал қараша айында халықаралық контейнерлік пойыздардың маршрутты жылдамдығы тәулігіне жылдамдату жұмыстарының мүмкіндігі бөлімше бойынша қарастырылуда. Жалпы транзит тасымалындағы біздің бөлімшенің үлесі жоғары. Үстіміздегі жылдың он айында бөлімшенің жаңа телімі Қоскөл-Сексеуіл, Сексеуіл-Қоскөл жұп және тақ жолымен 164 контейнерлік пойыз, Түркістан-Сексеуіл, Сексеуіл-Түркістан бағыттарымен 689 контейнерлік пойыздың кідіріссіз өткізілуін реттеп, олардың учаскелік жылдамдығының артуына мүмкіндік жасаған шұғыл басқару бөлімі мамандарына алғыс айтуға лайық.

– Аймақтың бас теміржолшысы, әлеуметтің сенімді өкілі қызметін атқара жүріп облыс экономикасының өркендеуіне де үлес қосып келесіз. Партияның «Теміржол» филиалының төрағасы ретінде жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсеңіз.

– Сайлаушылардың талап-тілегін тыңдау – депутаттық міндет. Салалық жұмыс тәртібіне орай қоғамдық жұмыстарға да уақыт тауып атқарып келемін. Әр айдың белгіленген күндері сайлаушылармен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдап, оның тиісті деңгейде орындалуына ықпал жасауға күш саламын. Ал филиал жұмысының нәтижесі жақсы, облыс көлемінде өткізілетін барлық партиялық іс-шаралардан теміржолшыларымыз жүлдесіз оралған емес. Мысалы, 2015-2018 жылдар аралығында облыстық, тіпті республикалық байқауларда 4 жыл қатарынан 1-ші және 2-ші, 3-орындарды иемденген біздің теміржолшылар ұйымы болды. Күні кеше 252 ұжымның арасында өткізілген облыстық байқауда тағы да теміржолшылар мерейі үстем болды. Марапатқа ие болған ұжымдар «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші кезеңіне сәйкес ІІ санат бойынша 1-орынға Қызылорда «Теміржол» партия филиалының «Вокзал-сервис» БПҰ ие болса, ІІ санат бойынша 3-орынды «Жол дистанциясы» БПҰ жеңіп алды. «Вокзал-Сервис» бастауыш партия ұйымы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін байқауға жолдама алды. Бұл біздің сыр бойы теміржолшыларының еңбекте алда, қоғамдық-саяси сауатты және белсенді екенін де білдіреді. Қай жағынан да аймақ теміржолшыларының үлесі жоғары. – Рахмет, бөлімше жұмысына сәттілік тілейміз!

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде