Ақпарат алуда еш кедергі жоқ

Сұхбат
09.03.2020, 11:33
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ұлттық компаниясы Техникалық орталығына қарасты Музейлер мен техникалық кітапханалардың қызметін үйлестіру бөлімінің бас менеджері Елена Некрашевич теміржол саласы қызметкерлерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жаңашылдықтар туралы әңгімелеп берді.

– Елена Михайловна, қазір көзді ашыпжұмғанша жылдам хабар алғызған дейтін заман. Десек те, теміржолшылардың жұмысы қауырт, ақпарат іздеп, интернетке сарылып отыратын уақыты жоқтың қасы. Сондықтан ғылыми-техникалық ақпараттарды тарату жағы қалай ұйымдастырылған? Білім менеджменті сапа менеджменті жүйесінің ажырамас бөлігі.

Ал ISO 9000 нұсқаларында білімді басқару жүйесін дамыту қажеттілігі идеясы әлдеқашан қарастырылған. Алдымен әңгімемді ISO 9000 нұсқаларында білім менеджменті ресурстар менеджменті ретінде қарастырылатынын, ал стандарттың 6.7 бөлікшесі «білім, ақпарат, технология» сияқты ресурстардың ерекше түріне арналғанын айтар едім. ISO 9001: 2015 стандартында «Фирмаішілік білім базасы» 7.1.6-бөлікшесінде білімді ресурс ретінде басқару жөніндегі ережелер айқындалған.

Техникалық орталықтың ғылыми-техникалық ақпарат блогы, шын мәнінде, компаниядағы білімді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын кітап және ақпараттық саладан білім инфрақұрылымын құрап отыр. Білім инфрақұрылымының бір бөлігі ғылыми-техникалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесіндегі корпоративтік база болып табылады.

Мұнда әртүрлі ғылыми-техникалық ақпараттардың, нормативті-техникалық құжаттамалардың, оқыту бейнематериалдарының, көрнекі оқу құралдарының толықмәтінді деректер базасы және техникалық әдебиеттердің, теміржол тақырыбы бойынша мерзімді басылымдардың бірегей қоры бар техникалық кітапханалардың желісі сақталған. Жүйеге орналастырылған барлық ақпарат құрылымдалған, жүйеленген, жіктелген және компания тобындағы қызметкерлерге пайдалануға өте қолайлы. Ақпаратты көшіріп алғанын және кіріп қарағанын есептеуіштер бар, сонымен қатар ұлттық компанияның 21 мыңнан астам қызметкері кітапхананың тұрақты оқырманы болып табылады.

– Демек, қазір компания қызметкерлері жұмыстарына қатысты ғылыми-техникалық ақпаратты алуда еш қиындық жоқ дейсіз ғой...

– Әлбетте, ғылыми-техникалық ақпараттың автоматтандырылған басқару жүйесінде, яғни ҒТА БАЖ-де (АСУ НТИ) орналасқан және техникалық кітапханалар қорындағы ақпараттар өндірістен қол үзбей, техникалық сабақ өткізуге; бағдарламалық, стратегиялық, өндірістік, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу кезінде ақпарат дайындауға, басқару шешімдерін қабылдау кезінде бэнч-маркинг (салыстырмалы талдау) жүргізуге, компаниялар тобы бойынша әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге; өзіндік дамуға және өзін-өзі жетілдіруге; оқу орталықтары базасында оқыту бағдарламасының оқу материалдары ретінде кадрлар біліктілігін арттыруға арналған. Ақпараттың қолжетімділігі – оның қажеттілігі мен пайдаланылуының негізгі өлшемі болмақ. Осы ретте, Техникалық орталықта ақпараттық қорды цифрлаудың жылдық жоспары бекітілгенін айтар едік, қазіргі уақытта Қордың 19%-ы цифрландырылды.

Сонымен қатар техникалық тапсырма әзірленіп, қазір мобильдік қосымшасы бар электрондық цифрлық кітапхананы (ЭЦК) енгізуге дайындалып жатырмыз. ЭЦК – рационализаторлық ұсыныстармен, идеялармен жұмысты автоматтандырылған режимде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көпфункционалды ақпараттық жүйе. Ол білім алушыларды тестілеу мүмкіндігімен оқу бағдарламалары мен өндірістік оқытудың үздік тәжірибелерін қамтитын болады.

– Техникалық орталық тарапынан енгізіліп жатқан қандай жаңашылдықтарды атап өтер едіңіз?

– Уақыт ағымына қарай Компанияның техникалық орталығы да бір орында тұрмай, алға қадам басуда. Мәселен, орталықпен қызметкерлерді ақпараттық-кітапханамен қамтамасыз етудің жаңа электрондық түрлері енгізілді. Атап айтсақ, виртуалды тақырыптық көрмелер, құжаттарды электрондық жеткізу, электронды айналмалы почта, БД «журналдардың электронды нұсқалары», олардың 60-тан астам атауы бар, күнделікті жаңалық бюллетені, апталық аннотациялық мерзімді бюллетень.

Осы ретте, мен виртуалды тақырыптық көрмеге ерекше тоқталар едім. Біз бұл жобаны іске қосқанда, оның маңыздылығын анықтау мақсатында кері байланыс орнаттық. Өткен жылы үш тақырыпты қамтыған виртуалды көрме ұйымдастырдық. Ол қолданушылар көңілінен шықты. Біз бұл көрмеде әр тақырып бойынша көрнекі құралдар, ақпараттар, соны жаңалықтар, бейнематериалдар ұсынамыз. Биыл да осы жобаны жалғастырып, 20 жуық тақырыпты қамтуды жоспарлап отырмыз.

Жалпы өткен жылы компания топтары бойынша қызметкерлерге 370 мың бірлік көлемінде ақпарат ұсынылды. Ақпараттық-кітапханалық қорды пайдаланушылар бағамына сүйенсек, олардың ақпаратқа қанағаттануы 94% құрайды. Цифрлы экономика – бұл ең алдымен білім экономикасы. Техникалық орталықпен құрылатын корпоративтік білім базасы – бұл компанияның өз-өзін оқытуға бағытталған білімді басқарудың пәрменді құралы.

– Жалпы деректер банкінің жаңа ақпараттармен толықтырылуы қалай? Білімін жетілдіруге және ақпарат алуға ниет білдірушілер қатары көбейіп келе ме?

– 2019 жылы ҒТИ БАЖ деректер банкі 48679 бірлік-атаулы ғылыми-техникалық ақпаратпен толықты. Сонымен қатар 248 пайдаланушы тіркелді, деректер банкіне жіберген сұрау-өтініш саны 11,5%-ға артты, құжаттарды беру көлемі де алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,8%-ға артты. 2019 жылы ҒТА БАЖ-ға кіру санын деректер банкіне сұраныс-өтініш санымен және олар бойынша берілген құжаттардың көлемімен салыстыра отырып, ҒТА БАЖ ДБ-да орналастырылған құжаттардың сапасы мен өзектілігінің артқанын айтар едік.

Өз кезегінде, Деректер банкінің ақпараттық құжаттармен толықтырылуының төмендеу факторларын құжаттарды электрондық жеткізу көлемінің артуымен, электронды айналмалы пошта қызметтерін енгізілуімен және виртуалды көрменің ұйымдастырылуымен байла- ныстырар едік. 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады