Маңғыстау ЖТ бөлімшесі кәсіподағының басшысы ҚР Президентінің бастамасына үн қосты

Жолдау
18.01.2022, 11:18
Оқуға 2 мин

Жыл басы ел арасындағы ереуіл-дүмпулермен басталғанын жасыра алмаймыз. Газ бағасының күрт қымбаттап кетуіне орай Жаңаөзеннен басталған бейбіт шерулер басқа өңірлерді де шарпып, өкінішке орай, оны өз мақсатына пайдалануға ұмтылған зұлым күштердің әрекеті адам шығынына әкеліп, қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Жаңаөзен мәселесіне Мемлекет басшысы араласып, Үкімет комиссия құрып, уақытында мәмлеге келе білді.

Елдегі орын алған жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде тәуелсіздік тарихында алғаш рет аса күрделі кезеңге тап болғанымызды, осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білгендігімізді жеткізді. Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажеттігін, еліміздің стратегиялық активтерін басқарып отырған «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын жандандыру жөнінде, экономиканы әртараптандыру арқылы еліміздің әл-ауқатын арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ, 2025 жылға дейін инфляцияны 3-4 пайыздан асырмау туралы тапсырмалары көптің көңілінен шығып, алдағы күнге деген үміт отын маздатқаны жасырын емес.

Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті одан әрі қолдау, дамыту, 2025 жылға дейін халықаралық деңгейдегі 5 техникалық жоғары оқу орнын ашу, оның екеуін батыс өңірден ашу, қарулы күштерімізді қайта даярлау, құқық қорғау орындары мен Қорғаныс саласын реформалау, діни экстремизге тыйым салу, кеден саласын реттеу, ауылшаруашылығына баса назар аудару, ұстаздар үшін жаңа бағдарлама әзірлеу, мемлекеттік басқару саласын реформалау, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің халықпен байланысын арттырып, бюрократия мен қағазбастылықты жою жайлы міндеттемелері ел үшін ең басты қажеттіліктер болатын. Осы орайда Мемлекет басшысының халық үшін қолға алуға тиісті қадау-қадау тапсырмалары мен жалпақ жұртшылыққа жеткізген міндеттерін мыңдаған қазақстандықтар қатарында қуаттап қолдаймын.

Әзірбай ТҰРМАҒАМБЕТОВ, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды