Тоғыз жолдың торабындағы Алматы темір жолында қауіпсіздік мәселесі өзекті

Жаңалықтар
26.10.2021, 11:46
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бес бірдей теміржол түйіспесі бар Алматы өңірі – елдегі логистикалық тізбектің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Олар – Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Қытай теміржолымен шекаралас Достық және Алтынкөл станциялары. Сондықтан, компания қызметіндегі ең маңызды көрсеткіш – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бұл өңірде аса маңызды. Мейрамбек Серікбаев басқаратын ревизорлық аппаратта 7 адам еңбек етеді. Алматы өңірінің логистикалық бағыттарындағы географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Саяқ – Ақтоғай – Достық учаскесіне қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік ревизордың орынбасары Тұрысбек Бөкенов қоныс аударыпты.

«Алматы темір жолы – өте күрделі торап, қазіргі уақытта бөлімше станциялар мен учаскелердің өткізу және қайта өңдеу қабілеттілігіне байланысты белгілі бір қиындықтарға тап болып отыр. Қытай тарапының шектеулі жүктерді қабылдауына байланысты Достық пен Алтынкөл мемлекетаралық түйіспелерінде күрделі жағдай қалыптасқан. Бұл өз кезегінде учаскелік және аралық станцияларда пойыздардың тұрып қалуына әкелуде. Сәйкесінше, жұмыс паркі ұлғайып, өткізу қабілеті төмендеген және Қытайға бағытталған тастанды құрамдар саны артқан. Бұл аталған факторлардың бәрі пойыздар қозғалысын ұйымдастыруға, маневрлік жұмыстар өндірісіне, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға тікелей әсерін тигізуде», – дейді Мейрамбек Серікбаев.

Өңірлік бас ревизор қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға әкелген жайттардың себептері мен сипаттарын сараптай отырып, оның түп-тамыры «адам факторына» барып тірелетінін айтады. Қауіптілік дәрежесін жете бағаламау, жөн-жосықсыз тәуекел, ұқыпсыздық, қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін толық елемеу, нұсқаулықтар мен лауазымдық міндеттердің талаптарын өрескел бұзу сияқты әртүрлі кемшіліктер – шын мәнінде, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соқтыратын алғышарттар жиынтығы.

«Әрине, мұндай бұзушылықтар- дың қайталануына жол бермеу үшін әрекет ету шараларын қолдана отырып, олардың пайда болу себептерін анықтау қажет. Алайда, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алғышарттары жойылмайынша, бұл олқылықтардың қайталана беретіні сөзсіз. Мұны өңірлік салалық ревизорлар анықтаған ескертулер статистикасы айқын көрсетіп берді. Сондықтан алдымен жергілікті жерлерде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру қажет. Ол үшін не істеу керек? Әлбетте, персоналмен жұмыс жүргізу керек, яғни қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту, біліктілігін арттыру және ынталандыру қажет. Біздің тарапымыздан, яғни ревизор аппаратымен инфрақұрылым объектілері мен жылжымалы құрамның жай-күйіне, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкелетін алғышарттарға мониторинг жүргізу жалғасатын болады. Бұл жұмыстың жетістігін тек тікелей орындаушы немесе техника ғана емес, жалпы қызметті ұйымдастыру жүйесі анықтайтын болады», – дейді Мейрамбек Серікбаев.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті