ҚТЖ-ға қарасты компанияларға қысқа дайын екендігі туралы куәлік берілді

Жаңалықтар
16.11.2021, 10:09
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының филиалы Магистральдық желі дирекциясы мен еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС шаруашылықтар мен кадрларының 2021-2022 жылдағы қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығы туралы куәлік алды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Қатал маусым алдындағы емтихан іспеттес күзгі байқаудан сүрінбей өткенін растайтын құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі кәсіби одағы» ҚБ-нің төрағасы Оразғали Ахметбаев қол қойған. Еске сала кетсек, қыс маусымындағы жұмысқа дайындықты ұйымдастыру үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында штаб құрылған болатын. Осыған ұқсас штабтар құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдарда, сондай-ақ, аймақтардағы жол бөлімшелерінде де ұйымдастырылып, оларға жергілікті теміржол мекемелерінің басшылары жетекшілік еткен. Компания бойынша биыл 187 шараны орындау және оларды қараша айының 1-не дейін аяқтау қарастырылған. Негізгі шаралар – жылжымалы құрамдарды, теміржолдар бойындағы қар тазалайтын және жинайтын техникаларды, өндірістік-техникалық ғимараттар мен қазандықтарды қысқа дайындау болды. Сонымен қатар алдағы қыста бірінші рет жұмысқа кіріскелі отырған мамандарды қатал маусымда жұмыс істеу тәсілдеріне оқытып, үйретіп және кадрларды жылы қысқы киімдермен, көмірмен қамтамасыз ету мақсат етілген. Міне, осы шаралар толықтай орындалып, талап үдесінен шыққан.

«Магистральдық желі дирекциясы бойынша қысқа қамданыс барысында 82 іс-шараны орындау қарастырылды. Биыл біздің филиал бойынша 1600-ге жуық «алғашқы қыстаушы» техникалық сабақтарға қатысып, оларға нұсқаулықтар жүргізілді, олар тәжірибелі мамандарға бекітілді. Ғимараттар ағымдық жөндеуден өтіп, қазандықтардың техникалық жай-күйі толық тексерілді. Әсіресе, қар тазалау техникалары айрықша назарға алынды. Олардың бірқатары деполық жөндеуден өтсе, екіншілері қызмет мерзімін ұзарта отырып, жөнделді. Жұмысшылардың арнайы қыстық аяқ киім және жылы киімдермен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі де басшылық назарынан қалыс қалмады. Тұрмыстық-техникалық көмірдің жеткізілуінде де ешқандай мәселе туындаған жоқ. Бәрі бекітілген кестеге сай жүзеге асуда. Сондай-ақ, техникаларға, өзге де мұқтаждықтарға қажетті қысқы жанар-жағармай материалдары қоры жасалды», – дейді Магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Бахытбек Алдажаров.

Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС алдағы қыс маусымына дайындық барысында локомотив шаруашылығына, соның ішінде әр локомотивтің техникалық, эстетикалық және өртке қарсы жағдайына айрықша назар аударған. Сондай-ақ, электржылжымалы құрамда түйіспелі сымның мұздануына қарсы күресетін вибропантографтар сияқты жабдықтардың қалтқысыз қызметі, тораптар мен жүйелерді қысқы режимге ауыстыруы қарастырылды. Сонымен қатар қазандықтарды дизель отынымен, вагон шаруашылығын тежегіш табандықтармен, материалдар және қосалқы бөлшектер қорымен, сигнал шамдарымен қамтамасыз ету жоспарға сай жүзеге асырылған. Темір тұлпардың оң қанатына биыл қыста бірінші рет отыратын машинистердің жанына тәжірибелі көмекшілері бекітілсе, сәйкесінше алғашқы қыстаушы-көмекшілер білікті машинистермен сапарға шығатын болады. Мұнда да көмір, жанар-жағармай қоры жасалған. Мінсіз әзірліктерімен ерекшеленген төрт филиал үш орынды өзара бөліскен. 1-орынды Семей ЖТ бөлімшесі иеленсе, 2-орынды Павлодар ЖТ бөлімшесі, ал 3-орынды Ақмола мен Шымкент бөлімшелері алды.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті