Отандық кәсіпорын инновациялық вагондарға жөндеу жүргізу үшін арнайы аттестациядан өтті

Жаңалықтар
03.12.2021, 10:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қамқор Вагон» ЖШС филиалдарында Тихвинск вагон жасау зауыты мен Wabtek Corporation бірлескен өндірісіндегі 19-9810 және 19-9855 Barber (АҚШ) типті инновациялық вагондардың арбашаларына жөндеудің жоспарлы түрлерін жүргізуді игеру бойынша жұмыстар атқарылды. Тихвинск вагон жасау зауытынан арнайы келген мамандар Қарағанды және Павлодар вагон жөндеу деполарының өндірісті жүргізуге техникалық даярлығын зерттеді. Яғни, өндірістің даярлығын анықтау комиссиясы Бүкілодақтық көлік технологиясы орталығының ғылыми-зерттеу институтының белгіленген техникалық құжаттарының көшірмелерін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әкімшілігімен бекітілген және келісілген инновациялық вагондарды жөндеудің технологиялық процестерін тексерді. Сонымен қатар комиссия назарына әрбір жұмыс позициясына арналған Технологиялық карталар көрсетілген көрнекті құралдар, инновациялық вагондарға жоспарлы жөндеу түрлерін жүргізуге арналған технологиялық құрылғылар, өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ, тақырыптық жоспарлар, басқару және өндірістік персоналмен өткізілген техникалық сабақтардың жорналдары ұсынылды. Зерттеу қорытындысы бойынша «Қамқор Вагон» ЖШС филиалдары – Қарағанды және Павлодар вагон жөндеу деполары инновациялық вагондарды және Barber (АҚШ) типтегі арбашаларды жөндеуден өткізу құқығына ие 2-дәрежелі сервистік қызмет көрсету орталықтары ретінде аттестациялады. Бұдан былай «Қамқор Вагон» ЖШС Қазақстан аумағындағы инновациялық вагондарға жоспарлы жөндеу түрлерін жүргізетін бірегей кәсіпорын болып табылады. Бұл шара Дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын орындау аясында жүзеге асып отыр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті