Ақмолалық құрметті теміржолшы зейнетке шықты

Жаңалықтар
21.12.2021, 12:28
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – Ақмола ЖТ бөлімшесінің Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының ұжымы теміржол саласына саналы ғұмырының 42 жылын арнаған әріптестері – Құрметті теміржолшы Болат Қасеновті зейнет демалысына шығарып салды. Болат Байделденұлы еңбек жолын 1979 жылы Целиноград теміржол техникумын бітіріп, Сарыоба станциясының кезекшісі болып бастап, станция бастығына дейінгі жолдан өткен. Бертін келе сұрыптау дөңесінің операторы, Целиноград паркі бойынша кезекші, пойыз диспетчері сияқты жауапты қызмет сатыларынан өтеді. 2002 жылдан күні бүгінге дейін бөлімше бойынша кезекші қызметін атқарып, зейнет жасына жетіп отыр. Тәжірибелі теміржолшының еңбегі елеусіз қалмай, бөлімше басшылығы тарапынан түрлі марапаттар мен сыйлықтар алған. Десе де, Болат Қасенов үшін бүкіл марапат атаулының ішіндегі бағалысы – әрине, «Құрметті теміржолшы» белгісі. Теміржолшылардың ең жоғары наградасы саналатын бұл атаққа тек абыройлы да адал еңбектің арқасында қол жеткізуге болатынын ескерсек, болат жолдың Болатының ары таза. Қашанда ұқыпты, өз ісіне аса жауапты және тиянақты Қасенов асқаралы алпысқа енді келгенімен, денсаулығының сыр беруіне байланысты сүйікті жұмысымен қош айтысуға мәжбүр болып отыр.

«Нағыз майталман маманның өнегелі өмірін сүрген сіздің еңбек жолыңыз өзіңіз тәрбиелеген жастарға үлгі болсын дер едім. Деніңіз сау болып, еңбегіңіздің жемісін көргейсіз», – деп тілегін білдірді Ақмола ЖТ бөлімшесі директорының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Ербол Түсіпов әріптесін зейнеткерлікке шығарып салу салтанатында.

Болат Қасеновке бөлімше ұжымы мен кәсіподақ комитеті атынан бағалы сыйлық пен гүл шоғы тарту етілді. Сонымен қатар бұл жиында Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының бірқатар озаттары тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне түрлі наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған Гүлсара Ахметова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасын алған Дархан Айдекешов пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Құрмет грамотасын еншілеген Алтынбек Әлмағамбетов бар.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті