2022 жылы теміржол бойындағы қауіпсіздік күшейтілмек

Жаңалықтар
24.12.2021, 10:50
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы жылдың соңына дейін «2022-2023 жылдарға арналған темір жолдағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасы» жобасы қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Rail-news.kz. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бірлесіп әзірлеген құжатта кешенді заңнамалық және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар қарастырылған. Жол картасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді. Егер бұл мақсат іске асып жатса, онда темір жолдар арқылы рұқсат етілмеген жерлерден өткендерге, жол жиегіне мал жаю ережелерін бұзғандарға салынатын айыппұлдар көлемі артады. Сонымен қатар станциялар мен вокзалдарда қосымша бейнебақылау камераларын орнату да қарастырылған. Бүгінде 35 теміржол вокзалында үш мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Ал алдағы жылы олардың қатарына тағы 22 станция қосылмақ. Бейнекамералар жолаушы пойыздарының вагон-мейрамханаларында да пайда болады. Локомотивтер сыртқы және ішкі бақылау бейнетіркеу құрылғыларымен жабдықталмақ. Қазірдің өзінде бейнебақылау жүйесі елордалық локомотив құрастыру зауытының конвейерінен шыққан 150 локомотивте орнатылған. KZ8A сериялы жаңа локомотивтерге бейнетіркеу функциясы бар «Борт» қозғалыс қауіпсіздігі жүйесін іске қосу жоспарлануда. Жол картасында адамдар мен малдың пойызға басылуы жайттарының алдын алу іс-шараларына баса назар аударылған. Азаматтардың теміржол арқылы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, елді мекендерде жаяу жүргіншілер өткелдері пен көпірлер салу қарастырылмақ. Жыл сайын 10-15 станцияда қосымша жаяу жүргіншілер төсемдері салынады. Сондай-ақ, теміржолдың қауіпті аймақ екенін ескертетін белгілер орнатылып, ескілері жаңартылып тұрады. Биылдың өзінде 700-ге жуық ескерту белгісі жаңаланған. Соған қарамастан адамдардың жолдан өту, яғни қауіпсіздік ережесін өрескел бұзуы азаймай отырғаны теміржолшылар мен көлік полициясы қызметкерлерін алаңдатып отыр.

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді