«Жолаушылар тасымалы» АҚ тұрмыстық қалдықтарды сатудан пайда түсіріп жүр

Жаңалықтар
18.02.2022, 17:09
Қазақстан теміржолшысы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да экологиялық жағдайды жақсартуға қатысты жол картасының жүзеге асырылып жатқанына екінші жыл. ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес компанияда стационарлық нысандар мен жолаушылар вагондарында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау саясаты жүргізілуде.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін компания тұрмыстық қалдықтарды сату есебінен 2019 ж. – 396 мың теңге, 2020 ж. – 684 мың теңге, 2021 ж. – 1 002 мың теңге, яғни барлығы 2 млн теңгеден астам кіріс алған.
Осы жылдың ақпан айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Северный» жолаушылар тасымалы аймақтық филиалында пластикалық және алюминий ыдыстарды қабылдау пункті ашылды. Бұл теміржолшылардың шикізатты қайта өңдеуге қабылдау қызметтерінің өкілдерімен бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Өнімді тапсырған әрбір қызметкерге қоқысты қайта өңдеу компаниясы прейскурантқа сәйкес ақшалай сыйақы төлейді. Мәселен, кез келген түрдегі пластикалық бөтелке үшін 5 теңге, қаңылтыр банкасына – 2 теңге.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары, бұл жоба табиғатты сақтауға және экомәдениетті дамытуға айтарлықтай үлес қосып, сондай-ақ теміржолдардағы, полигондардағы қоқыс көлемін азайтуға және шикізатты қайта өңдеудің ауқымын арттыруға көмектесетінін айтады. Бір ғана биылғы ақпан айының 1-10 күндері аралығында «Северный» аймақтық филиалының қызметкерлерімен 5894 пластикалық бөтелке мен 933 банка қайта өңдеуге жіберілген.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі