Елімізден Ауғанстанға 6 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді

Жаңалықтар
22.02.2022, 10:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы KTZ Express тарапынан Ауғанстан Ислам Республикасына қазақстандық гуманитарлық көмекті жеткізу ұйымдастырылды.

«KTZ Express» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылдың 24 желтоқсанындағы №930 «Ауғанстан Ислам Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы Қаулысына сәйкес азық-түлік өнімдері мен медициналық дәрі-дәрмектер, палаткалар тиеген 6 жабық вагонның жөнелтілімін ұйымдастырды. Қазақстанның Құлайғыр, Қырқыншы, Ақтөбе-2, Шымкент және Алматы-1 станцияларында жасақталған пойыздар ауғандық Хайратон теміржол станциясына еш кедергісіз жеткен. Жүкті жөнелтушілер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі комитетінің «Резерв» шаруашылықты жүргізу құқығына ие республикалық мемлекеттік кәсіпорын және «СК-Фармация» ЖШС болып табылады.
Жүк жөнелтушілердің айтуынша, ауған халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған гуманитарлық жөнелтілімдер бұдан былай тұрақты және жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.

Жалпы Қазақстан мен Ауғанстан елдері арасында екі жақты сауда айналымы жақсы жолға қойылған. Қазақстан өз тарапынан ауған еліне жүк көлемі мен тауарлар тізімін кеңейтуге мүдделілік танытуда. Осы ретте, біздің ел Ауғанстанға астық пен ұнның негізгі жеткізушісі болып табылатынын айтып өтейік. Экспортталатын қазақ ұнының басым бөлігі және астықтың 10% астамы ауған нарығына бағытталған. Еске сала кетсек, өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында екі ел арасындағы сауда айналымы 345,9 млн АҚШ долларын құраған.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті