ҚТЖ астанада наурыз мерекесін дүркіретіп өткізбек

Жаңалықтар
18.03.2022, 09:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы Наурыз мерекесін теміржолшылар кең көлемде атап өтпек. Бүгін «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені аумағына бара қалсаңыз, алтықанат ақ шаңқан үйлер тігілген этно-ауылға тап боласыз. Мұнда ертең елордалық теміржолшы қауым наурыз думанына жиналады.

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту туралы тұжырымдамасына сәйкес, әрбір күннің идеологиясы Компанияның Наурыз мерекесін тойлау шарасында көрініс тауып, қызметкерлердің барлық әлеуметтік топтары мен олардың отбасыларын қамту көзделген.

«Наурыз – көктем шуағы!» атты ұлттық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды қамтитын байқау шеңберінде Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдары құда түсу, тұсау кесу, айтыс, бесікке салу, қыз ұзату, беташар қойылымдарын көрсетіп, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік концертте әуезді ән мен күйден шашу шашылмақ.

Наурыз мейрамын бұқаралық тойлауға арналған алаңдар бірнеше бөлікке бөлінген. Мәселен, ұлттық асхана алаңында қонақтар дәмі тіл үй- ірер бауырсақ, палау, наурыз көжеден дәм татса, қолөнер алаңында теміржолшылар зергерлік бұйымдарды тамашалап, қолөнер шеберлік сабақтарына қатыса алады. Ал спорт алаңында теміржолшылар арқан тарту, асық ату, кір тасын көтеру, қол күресі сияқты ұлттық ойын сайыстарында күш таластырып, бақ сынауларына болады.

Сонымен қатар, бұл күні теміржолшылардың балаларына да өз өнерлерін ортаға салу мүмкіндігі тумақ. Яғни балғындар мен жасөспірімдер алаңында балалар ләңгі тебу, асық ату, дойбы ойнау секілді сайыстарға қатысып, сондай-ақ, қазақ халқының мәдениеті мен тарихы бойынша білімдерін таразыға салған викторина, аквагрим аймағында түрлі әрлендіру шараларында бақ сынай алады. Ал көңіл сергіту алаңында жұртшылық Қыдыр атаны күтіп алып, ақ батасын алатын театрландырылған қойылымды, билер мен ән-күйлерден құралған мерекелік концертті тамашалай алады.

Этно-ауылда тігілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары мен филиалдарының киіз үйлерінің тақырыптық безендірілуі, ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптардың, киімдердің таныстырылымы және мерекелік дастарханның ұйымдастырылуы Кәсіподақ және ардагерлер кеңесі өкілдерінен құралған комиссия тарапынан бағаланбақ. Қысқасы, қазақ халқының құндылықтары мен дәстүрлері арқылы корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған шара өз қонақтарын күтеді...

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті