Табиғи монополиялар бойынша реттелетін қызметтердің осы жылғы жоспары қаралды

Жаңалықтар
27.04.2022, 08:23
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да табиғи монополиялар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша 2021 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2022 жылға арналған негізгі міндеттері жөніндегі қоғамдық тыңдау заңнамаға сәйкес, онлайн конференц-байланыс форматында өтті.

Оған ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің, өнеркәсіптік қауымдастықтардың өкілдері, жеке тасымалдаушылар және өзге де қызмет тұтынушылары қатысты. Отырысқа төрағалық еткен ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеров компания өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін қызмет тұтынушыларымен қарым-қатынаста ашық саясат жүргізетінін атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Александр Кирович магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсету саласындағы субъект және жұмыс көрсеткіштері туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол ұсынылған қызметтер көлемін орындау мен сапасын арттыру, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызмет перспективалары, тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы мен қызмет тұтынушыларымен жүргізілетін жұмысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, реттелетін қызметтердегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 193 732 млн т-км құрап, жолаушылар вагондарының қозғалысы 622 948 мың вагон-км жеткен.

Өткен жылы Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірістер 333 млрд теңгені, ал реттелетін қызметтер бойынша 2021 жылы инвестициялардың жалпы көлемі 95 млрд теңгені құраған. 2021 жылы компания салған инвестициялар темір жол көлігімен жүк тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыруға, темір жол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, жекелеген учаскелерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы мен айналымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Жиында «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов кірме жолдарды ұсыну, электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша есеп берді. Негіздемелері бар толық есеп www.railways.kz сайтының «Инфрақұрылым» бөлімінде орналастырылған.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті