Астрахань-Атырау пойызында нәресте дүниеге келді

Жаңалықтар
01.06.2022, 09:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Отандық жолсеріктер тағы бір баланың кіндік әке-шешесі атанды. Демалыс күндері №626 «Астрахань-Атырау» жолаушылар пойызында балпанақтай қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқиға желісіне келсек, Кенжегүл Қайырболатова есімді жүкті әйел Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Құрам Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін таңғы сағат 5-те «Аққыстау- Атырау» аралығында Кенжегүлдің толғағы басталады. Пойыз бастығы Сәуле Ілиясова бастаған жолсеріктер шұғыл түрде тиісті әрекеттерге көшіп, нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртады. Алайда, толғақ жиілей түседі. Барлық жағдайға дайын болуға бел буған жолсеріктер Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова көп ұзамай жас анаға көмек көрсетіп, сағат 05:30-да қыз баланың жарық дүниеге аман-есен келуіне себепші болады.

Жолаушылар тасымалында 15 жыл жұмыс істеп келе жатқан Сәуле Ілиясова мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырғанын айтады.

– Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларға көмек көрсетуге дайын болуымыз керек, осыған дейін пойызда дүниеге келген балаға кіндік шеше болған әріптесерімізге қызыға қарап жүретінбіз, міне, өз басымызға да келіп, біз де қызды болдық, – деп күлді телефонмен хабарласқанымызда Сәуле Ілиясова.

Атырау станциясында жаңа туған сәбиді анасымен бірге «жедел жәрдем» көлігі күтіп алған. Өз кезегінде, Кенжегүл Қайырболатова дер кезінде көмек көрсеткен барлық жанға шексіз алғысын білдірді.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды