5 айда еліміздегі теміржолдардың бойына 40 шақырымдық қоршау орнатылды

Жаңалықтар
03.06.2022, 09:08
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакеновтың төрағалығымен 2022-2024 жылдарға арналған ҚР темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасын орындау мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол кәсіпорындарының басшыларымен қатар көліктегі желілік ішкі істер органдарының жетекшілері қатысқан дөңгелек үстелде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және көлік-транзит секторының көшбасшылық рөлін нығайту мақсатында теміржол нысандарында бейнебақылау камераларын орнату мәселесі көтерілді. Магистральдық желі дирекциясы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абай Досановтың айтуынша, темір жол вокзалдарында бейнебақылау камераларын орнату ҚР ИИДМ-де келісу сатысынан өтіп жатқан «ТТО объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» бекітілгеннен кейін басталмақ. Сонымен қатар ол вокзал перрондарында сауда жасау үшін Компания жалға алушылардан бірыңғай сауда дүңгіршіктері мен «мобильді сөрелерді» өз есебінен орнатуды талап ете отырып, бос алаңдар бөлгенін атап өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары – бас инженер Марлен Көкірекбаев Жол картасы шеңберінде атқарылған жұмыстар легінде, бейнебақылау жүйесімен 158 локомотивтің жабдықталғанын атап өтті. Сондай-ақ, бейне тіркеу функциясы бар борт жүйесі орнатылған ТЭ33Ас сериялы 37 бірлік жүк тепловозы сатып алынғанын жеткізді.

– Сарыағаш, Достық, Ганюшкино сияқты шекара маңындағы басқа да станцияларды АСКО ПВ заманауи техникалық құралдарымен жабдықтау, сондай-ақ, жұмыс істемей тұрған 17 бірлік АСК ГЦВ құрылғыларын қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты, шекара маңындағы Сарыағаш станциясында, сондай-ақ, Екібастұз және Жаңаауыл станцияларында «жылжымалы құрамды бейне талдау жүйесі» пилоттық жобасын өткізу жоспарланып отыр. Пилоттық сынақтардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ шекара маңындағы теміржол станцияларын осы жүйелермен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру жоспары айқындалатын болады. Сонымен қатар вагон таразыларының санын ұлғайтуға қатысты 2022 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 355 734 мың теңгеге 26 бірлік таразы сатып алу жоспарланып, қазір сатып алу бойынша конкурс өткізілуде, – деді Марлен Көкірекбаев.

«ҚТЖ-Жолаушылар локомотиві» ЖШС бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде 39 локомотив бейнебақылау жүйесімен жабдықталса, 2023 жылдың бюджетіне 63 локомотивке бейнетіркегіштер сатып алуды қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде екен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бахытбек Алдажаров, теміржол арқылы адамдардың қауіпсіз өтуі үшін және мал-жанның пойызға басылып қалуын болдырмау үшін биылғы бес ай ішінде 40 км жол бойына қоршау орнатылып, 68 км жол бойындағы қоршаулар жөнделгенін және де 249 тыйым салған белгілерді жаңарту көзделіп отырғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды